+913 бонус

БУФОМИКС ИЗИХЕЙЛЕР 320 мкг/9 мкг №60 доз

18260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Формотерол и будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Орион Корпорейшн
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ингаляция (мүштіктен шығарылатын доза) құрамында белсенді заттар - будесонид - 320 мкг формотерол фумараты дигидраты – 9 мкг қосымша заттар: лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Бронх демікпесі Буфомикс Изихейлер 320 мкг/9 мкг біріктірілімін (ингаляциялық кортикостероидтарды және ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлардың агонистерін) пайдалану орынды саналған жағдайда бронх демікпесін ұдайы емдеу үшін қолданылады: - «қажеттілігіне қарай» ингаляциялық кортикостероидтар және қысқа мерзімдік әсер ететін β2-адренорецептор агонистері арқылы талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған пациенттерде, немесе - ингаляциялық кортикостероидтарды да, сонымен қатар ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлар агонистерін де қолданған кезде талапқа сай бақылауға қол жеткізген пациенттерде. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) Буфомикс Изихейлер препараты 18 жастағы және одан үлкен ересектер үшін, анамнезінде өршуі қайталаған ӨСОА бар (1 с ішінде қарқынды дем шығару көлемі есептелген қалыпты шаманың <70%-ы болатын), ұзақ әсер ететін бронходилататорлармен ұдайы емдеуге қарамастан, елеулі симптомдары қалған пациенттерді симптоматикалық емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- будесонидке, формотеролға немесе лактозаға (мұның құрамында сүт ақуызының аздаған мөлшері бар) жоғары сезімталдық - 12 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Бронх демікпесі Буфомикс Изихейлер бронх демікпесінің бастапқы еміне арналмаған. Буфомикс Изихейлер препаратының компоненттері әр адамға жекелей дозаланады және оны аурудың ауырлығына қарай түзету керек. Мұны препарат біріктірілімімен емдеуді бастағанда ғана емес, сонымен қатар демеуші дозаны түзеткенде де ескеру керек. Егер жеке пациент ингалятордағы біріктірілімнен айырмашылықтары бар дозалар біріктірілімін керек етсе, жекелеген ингаляторлардағы β2-адренорецепторлар агонистерінің және/немесе кортикостероидтардың тиісті дозаларын жазып беру керек. Ұсынылатын дозалар: Ересектер (18 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 1 ингаляция. Кейбір пациенттерге тәулігіне 2 ингаляция (ең жоғары доза) қажет болуы мүмкін. Жасөспірімдер (12–17 жас): тәулігіне екі рет 1 ингаляция. Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, онда симптомдарды тиімді бақылау қамтамасыз етіледі. Дәрігер жазып берген Буфомикс Изихейлер препаратының дозасы оңтайлы болуы үшін пациент медицина маманында ұдайы тексерілуден өтуі тиіс. Ұсынылатын ең төмен доза симптомдарды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік берген жағдайда, келесі қадам бір ингаляциялық кортикостероидтың сынағын ғана қамтуы мүмкін. Әдеттегі іс тәжірибеде, тәулігіне екі реттік режимде симптомдарды бақылауға қол жеткізген жағдайда, тиімді ең төмен дозаға дейін титрлеу Буфомикс Изихейлер препаратын тәулігіне бір рет қолдануды қамтуы мүмкін, препаратты жазып берген медицина маманының пікірі бойынша, бақылауды демеу үшін ингаляциялық кортикостероидтармен біріктірілген, ұзақ әсер ететін бронходилататор керек болады. Тез әсер ететін жекелей бронходилататорды пайдаланудың өсуі негізгі аурудың нашарлағанын айғақтайды және бронх демікпесін емдеуді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Балалар (6 жас және одан үлкен): 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар үшін Буфомикс Изихейлер препаратының төменірек дозасы (80 мкг / 4,5 мкг / ингаляция) қолайлы. 6 жасқа дейінгі балалар: шектеулі ғана деректер бар болғандықтан, Буфомикс Изихейлер препараты 6 жастан кіші балалар үшін ұсынылмайды. Буфомикс Изихейлер препаратының 320 мкг / 9 мкг демеуші ем ретінде ғана пайдалану керек. Демеуші және жеңілдетуші емдеу режимі үшін азғантай дозалар (160 мкг / 4,5 мкг / және 80 мкг / 4,5 мкг / ингаляция) қолайлы. Буфомикс Изихейлер препаратын пайдаланып қол жеткізу мүмкін емес дозалар жағдайында, будесонид/формотерол біріктірілімі бар дәрілік заттардың басқа да дозаланулары жеткілікті. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) Ұсынылатын дозалар: Ересектер: тәулігіне екі рет 1 ингаляция. Пациенттердің ерекше топтары: Егде жастағы пациенттер үшін ерекше талаптар жоқ. Буфомикс Изихейлер препаратын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану туралы деректер жоқ. Будесонид және формотерол көбіне организмнен бауыр метаболизмі арқылы шығарылатын болғандықтан, бауыр циррозының ауыр дәрежесі бар науқастарда әсерінің жоғарылайтынын күтуге болады. Енгізу әдісі және жолы Ингаляциялық Буфомикс Изихейлер препаратын тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқаулық Ингалятор деммен тартылатын ауа ағынымен басқарылады. Бұл пациент ауаны мүштік арқылы деммен алған кезде, зат тыныс алу жолдарына деммен тартылатын ауамен бірге түсетіндігін білдіреді. Ескертпе: Пациенттің келесі жайттарға көңіл бөлуі маңызды: - Әрбір Буфомикс Изихейлер препаратымен бірге қаптамаға салынған, пациентке арналған ақпараты бар қосымша парақтағы пайдалану жөніндегі нұсқаулармен мұқият танысып шығу керек. - Әрбір ингаляция алдында құрылғыны сілкілеу және оны іске қосу керек. - Заттың оңтайлы дозасының өкпеге түсуін қамтамасыз ету үшін, оны мүштік арқылы деммен барынша белсенді түрде және терең тарту керек. - Мүштік арқылы дем шығармау керек, өйткені бұл жеткізілетін дозаның төмендеуіне әкеледі. Егер бұл бәрібір орын алған болса, мүштіктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды үстелдің бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау процедурасын қайталау керек. - Құрылымды ұнтақ ингаляциясынсыз бір реттен артық іске қосуға болмайды. Егер бұл бәрібір орын алған болса, пациент мүштіктен ұнтақты шығару үшін ингаляторды үстелдің бетіне немесе алақанға қойып жай ұрғылау қажет, содан кейін препаратты қабылдау процедурасын қайталау керек. - Құрылымнан ұнтақтың кездейсоқ шашылуына (ол артық дозалануға немесе кейін пайдаланғанда ингаляцияда препараттың жеткіліксіз болуына әкелуі мүмкін) жол бермеу үшін, ингаляторды пайдаланып болғаннан кейін шаңнан қорғайтын қалпақшаны әрдайым орнына қою керек (егер ол пайдаланылатын болса, қорғаныш қақпағын жабу керек). - Тағайындалған дозамен ингаляциядан кейін, ауыз қуысы кандидозының даму қаупін барынша ең төменге жеткізу үшін, ауызды шаю керек. Егер ауыз қуысының кандидозы пайда болса, пациенттер ингаляциядан кейін ауызды қажетінше сумен шаюы тиіс. - Мүштікті ұдайы құрғақ шүберекпен тазалап отыру керек. Тазарту үшін суды пайдадануға болмайды, өйткен ұнтақ ылғал тартқыш. - Буфомикс Изихейлер ингаляторын, есептеуіште нөл саны пайда болған кезде, тіпті құрылым ішінде әлі де ұнтақтың белгілі бір мөлшері бар екені көрініп тұрса да, алмастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.