+489 бонус

БУДЕНОФАЛЬК 3 мг №20 капс

9780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Будесонид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Лозан Фарма ГмбХ
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - микрондалған будесонид 3 мг, қосымша заттар: қант пеллеттері (сахарозадан және жүгері крахмалынан тұратын), лактоза моногидраты, повидон К25 (орташа МС 27,000), метакрил қышқылының метилметакрилат сополимері (1 : 1) (мысалы, Эудрагит L), метакрил қышқылының метилметакрилат сополимері (1: 2) (мысалы, Эудрагит S), аммоний метакрилат сополимері, В типі (Эудрагит RS), аммоний метакрилат сополимері, А типі (Эудрагит RL), триэтилцитрат, тальк Капсула қабығының құрамы: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е171), эритрозин (Е 127), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), натрий лаурилсульфаты
Қолданылуы
мықын және/немесе өрлемелі жиекті ішекте шоғырланған ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі Крон ауруында аутоиммундық гепатитте микроскопиялық колитте Асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерін зақымдайтын Крон ауруына шалдыққан пациенттерде Буденофальк препаратымен емдеу тиімсіз. Өзінің жергілікті әсері себебінен, препарат аурудың ішектен тыс, мысалы, теріде, көзде немесе буындарда көрініс беретін симптомдарында (экстраішектік) тиімсіз болады.
Қарсы көрсетілімдер
будесонидке немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық жергілікті ішек инфекциясы (бактериялардан, зеңдерден, амебалардан, вирустардан туындаған) бауыр циррозы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қалқанша безінің патологиясы бар пациенттер тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Дозасы
Крон ауруында 18 жастан асқан ересектер Ремиссия индукциясы Ұсынылатын тәуліктік доза – күніне бір рет үш капсуладан (құрамында 3 мг будесонид бар) таңертең немесе 1 капсуладан күніне 3 рет (таңертең, түске қарай, егер бұл пациент үшін анағұрлым ыңғайлы болса, кешке 9 мг будесонидтің жалпы тәуліктік дозасына сәйкес). Микроскопиялық колитте 18 жастан асқан ересектер Ремиссия индукциясы Ұсынылатын тәуліктік доза - күніне бір рет таңертең үш капсула (бұл 9 мг будесонидтің тәуліктік дозасына сәйкес келеді) Ремиссияны демеу Демеуші емді сәтті индукциялық емнен кейін микроскопиялық колиттің жиі қайталанатын симптомдары бар пациенттерге ғана бастау керек. Пациенттің жеке қажеттіліктеріне сәйкес күніне бір рет таңертең екі капсула (6 мг будесонид) немесе күніне бір рет таңертең екі капсула мөлшерінде, күніне бір рет таңертең бір капсуланы қабылдаумен кезектесіп дозалау режимін қолдануға болады (бұл 4,5 мг будесонидтің орташа тәуліктік дозасына сәйкес келеді). Ең төмен тиімді дозаны пайдалану керек. Аутоиммундық гепатитте 18 жастан асқан ересектер Ремиссия индукциясы Ремиссияға қол жеткізу үшін ұсынылатын тәуліктік доза - күніне 3 рет 1 капсуладан (таңертең, түске дейін, кешке). Ремиссияны демеу Ремиссия кезеңінде ұсынылатын тәуліктік доза - күніне 2 рет 1 капсуладан (таңертең және кешке). Егер осы емдеу кезінде АЛТ және/немесе АСТ мәні жоғарыласа, онда дозаны күніне 3 капсулаға дейін арттыру керек. Азатиопринға жағымдылығы бар науқастарда ремиссияға қол жеткізу және демеу үшін азатиопринді будесонидпен біріктіру керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозалау бойынша ерекше ұсынымдар жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының шамалы бұзылуы бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Капсулаларды тамақтанар алдында 30 минут бұрын, оларды тұтастай жұтып, көп мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, 200 мл су) ішу керек. Емдеу ұзақтығы Препаратты қолдану ұзақтығын терапевт анықтайды. Белсенді Крон ауруы және белсенді микроскопиялық колит кезінде емдеу ұзақтығы 8 аптаға дейін шектелуі керек. Әсер әдетте 2-4 аптадан кейін қол жеткізіледі. Микроскопиялық колитке демеуші ем жүргізген кезде демеуші ем басталғаннан кейін 12 айдан кешіктірмей, емді жалғастыру қажеттілігін анықтау үшін емдік әсерін тұрақты бағалау керек. Демеуші ем, егер жеке пациент үшін артықшылықтар қауіптен асып түседі деп есептелген жағдайда ғана, 12 айдан астам мерзімге ұзартылуы тиіс. Аутоиммундық гепатитті емдеу кезінде ремиссияға жеткеннен кейін емдеу кемінде 24 айға созылуы тиіс. Егер биохимиялық ремиссия тұрақты болса және бауыр биопсиясы қабыну белгілерін көрсетпесе, емдеуді тоқтатуға болады. Препаратты қабылдауды күрт тоқтатуға болмайды. Дозаны біртіндеп азайту керек. Дозаны 2 апта ішінде біртіндеп төмендету ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.