+141 бонус

БРУФЕН РЕТАРД 800 мг №20 табл

2825 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Абботт Лабораториз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді зат – 800 мг ибупрофен, қосымша заттар: ксантан шайыры, повидон, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромеллоза 6 мПас, гипромеллоза 5 мПас, тальк, титанның қостотығы (Е 171), Opaspray White M-1-7111B қабығы (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е 171)).
Қолданылуы
- ревматоидтық артрит (ювенильді ревматоидтық артрит немесе Стилл ауруын қоса), шорбуынданатын спондилоартрит, остеоартрит және басқа ревматоидтық емес (серо-теріс) буын ауруларын емдеу кезінде ауыруды басатын және қабынуға қарсы дәрі ретінде. - иық-жауырын периартриті (капсулит), бурсит, тендинит, тендовагинит және белдің ауыруы сияқты буынға қатысты зақымдануларда буыннан тыс ревматизм ауруларын емдеуде; Бруфен® Ретард препаратын созылып кету және шығып кету сияқты жұмсақ тіндер жарақаттарында да қолдануға болады. - дисменорея, тіс ауыруы және операциядан кейінгі ауыру сияқты жеңілден орташаға дейінгі ауыруды жеңілдету үшін және бас сақинасын қоса, бас ауыруын симптоматикалық емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық - ибупрофен, аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдаудан кейінгі аса жоғары сезімталдық реакциялары (бронх демікпесі ұстамалары, есекжем, ангионевроздық ісіну немесе ринит) - анамнездегі ҚҚСП қабылдаумен астасқан асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу. Ағымдағы немесе бұрын өткерген қайталамалы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кетуі (дәлелденген ойық жаралану немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген көріністері) бар пациенттерді емдеу үшін Бруфен® Ретард препаратын қолдануға болмайды. - қан кетудің жоғары даму қаупімен қатар жүретін жай-күйлер немесе қатты қан кету - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Жүрек қауымдастығының (NYHA) критерийлері бойынша IV функционалдық класс) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы < 30 мл/мин) - жүктіліктің соңғы триместрі - бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспрімдер
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс. Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, қызба және ауырсыну) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ересектер және 18 жастан асқан балалар: екі таблетканы бір реттік тәуліктік доза түрінде, дұрысы, ерте кешкілік, ұйықтауға дейін көп уақыт бұрын қабылдайды. Ауыз қуысында жайсыздық сезімінің туындауын және тамақтың тітіркенуін болдырмас үшін таблеткаларды шайнамай, сындырмай, кемірмей және сормай, сұйықтықтың көп мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұту керек. Ауыр немесе жедел жай-күйлерде жалпы тәуліктік дозаны екі қабылдауға бөлінген үш таблеткаға дейін арттыруға болады. Балалар: 18 жасқа толмаған балаларда ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер: егде жастағы адамдар жағымсыз реакциялардың күрделі даму зардаптарының жоғары қаупіне бейім. Егер ҚҚСП тағайындау қажет болса, ең төмен тиімді дозасын мүмкіндігінше өте қысқа уақыт кезеңінде пайдалану керек. ҚҚСП емі кезінде асқазан-ішектен қан кетудің дамуын жоққа шығару үшін тұрақты мониторинг қажет. Егер бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған болса, дозаны әркімге жеке белгілеу қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.