+62 бонус

БРУФЕН РАПИД 400 мг №10 капс

1245 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Абботт Лабораториз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 200 мг немесе 400 мг ибупрофен, қосымша заттар: макрогол (полиэтиленгликоль 600), калий гидроксиді (тазалығы 85%), тазартылған су, желатин, ішінара дегидратацияланған сұйық сорбитол, лецитин (соя), орташа ұзын тізбекті триглицеридтер.
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауырсынуды қысқа мерзімді симптоматикалық жеңілдету үшін: бас ауыру және тіс ауыру бас сақинасы ауырсындыратын дисменорея невралгия арқаның ауыруы бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар тұмау және суық тию аурулары кезіндегі қызбалы жағдай.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау түрткі болған аса жоғары сезімталдық реакциялары (атап айтқанда, бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі немесе есекжем) - асқыну сатысындағы немесе анамнезіндегі ойықжара ауруы/ойық жарадан қан кету (анамнезіндегі ойықжара ауруының/ойықжарадан қан кетудің екі және одан да көп расталған көріністері) -асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ҚҚСП қолданудан туындаған тесілу немесе анамнезінде болуы - айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан) - гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс - Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының жіктелуі) - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферменті тапшылығы - жүктілік (III триместр) және лактация кезеңі - 12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 40 кг-ден кем балалар
Дозасы
Ересектер мен дене салмағы кемінде 40 кг болатын 12 жастан асқан жасөспірімдер Ішке 1 капсуладан (200 мг) тәулігіне 3 ретке дейін. Қажет болған жағдайда ересектерде күніне 3 ретке дейін 1-2 капсуладан (200-400 мг) қабылдауға болады. Ең жоғары тәуліктік доза – 400 мг. Капсулаларды қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігеріңіз ұсынуы тиіс. Егер препаратты қызбалы жағдайды жеңілдету үшін 3 күн және ауырсынуды жеңілдету үшін 4 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет. Препаратты 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 3 күннен артық, ал ересектерге 10 күннен артық қабылдау қажет болғанда немесе симптомдар нашарлаған кезде дәрігерге қаралу қажет. Жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін азайту үшін препаратты мүмкіндігінше қысқа курспен және симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдау ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егер бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылмаса, дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған жағдайда препараттың дозасын жекелей және сақтықпен таңдау керек. Жағымсыз реакциялардың ықтимал бейініне байланысты сақ болу керек. Балалар БРУФЕН® РАПИД препаратын осы дәрілік түрде 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Капсулаларды сумен ішу керек. Капсулаларды шайнамаған жөн. Әсерінің тезірек басталуына қол жеткізу үшін препаратты аш қарынға қабылдауға болады. Асқазаны сезімтал пациенттерге тамақтану кезінде ибупрофен қабылдау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.