+161 бонус

БРУФЕН 600 мг №30 саше гранулы шипучие

3220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Абботт Лабораториз ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сашенің ішінде белсенді зат - ибупрофен 600 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, алма қышқылы, натрий сахаринаты, сахароза, повидон (К мәні 29-дан 32-ге дейін), апельсин хош иістендіргіші, натрий лаурилсульфаты, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты.
Қолданылуы
- ревматоидты артрит, оның ішінде ювенильді артрит немесе Стилл-Шоффар ауруы, шорбуынданатын спондилит, остеоартрит және басқа да ревматоидты емес (серонегативті) артропатиялар және жедел подагралық артрит - иық-жауырын периартриті (капсулит), бурсит, тендинит, тендосиновит және арқаның төменгі бөлігінің ауыруы сияқты буыннан тыс ревматизмдік және периартикулярлық зақымданулар - жұмсақ тіндердің зақымданулары, мысалы байламдардың созылуы және ширығуы - бастапқы дисменорея, тіс және операциядан кейінгі ауырсыну, эпизиотомиядан кейінгі ауырсыну, босанғаннан кейінгі ауырсыну және бас ауруын, соның ішінде бас сақинасын симптоматикалық емдеу сияқты жеңіл және орташа ауырсынуды азайту - гипертермия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - демікпе, есекжем немесе ацетилсалицил қышқылын/аспирин немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдағаннан кейінгі анамнезіндегі басқа аллергиялық реакциялар - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - қан кетулер қаупінің жоғарылауымен бірге жүретін жағдайлар немесе жедел қан кету - асқазан-ішектен қан кету немесе анамнездегі ҚҚСП қабылдаумен байланысты тесілу - жедел немесе бұрын бастан өткерілген ойық жаралы колит, Крон ауруы, асқазанның қайталанған пептидтік жарасы немесе асқазан-ішектен қан кету (анамнезінде ойық жара зақымының немесе қан кетудің расталған бір біріне байланыссыз екі немесе одан көп көрінісінің болуы) - жүктіліктің үшінші триместрі - бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Бірнеше қабылдауға бөлінген ұсынылатын доза тәулігіне 1200-1800 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәулігіне 600–1200 мг жеткілікті болуы мүмкін. Ауыр және жедел жағдайларда аурудың жедел фазасы аяқталғанға дейін доза арттырылуы мүмкін. Бұл ретте ең жоғары тәуліктік доза бірнеше рет қабылданатын 2400 мг аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдар, әсіресе АІЖ тарапынан күрделі жағымсыз реакциялардың жоғары қаупіне бейім. Егер бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылмаса, дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылғанда препарат дозасын жеке және сақтықпен таңдау керек. Балалар Осы дәрілік түрдегі Бруфен® препаратының түйіршіктерін балаларға қолдануға болмайды. Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды) бар пациенттерде дозаны азайту керек емес. Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.