БРОНХОРУС 30мг №20 таб

330 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Амброксол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - амброксол гидрохлориді, 30 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Препарат ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған. - Қақырықтың түзілуі мен шығуының бұзылуымен байланысты жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секреторлық емі.
Қарсы көрсетілімдер
- амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі - ауыр бауыр жеткіліксіздігі - жүктіліктің бірінші триместрі - бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 12 жасқа дейінгі балалар Сақтықпен - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы - жүктілік (екінші және үшінші триместр) - бронхтардың моторлық функциясының бұзылуы және қақырық секрециясының күшеюі (қозғалмайтын кірпікшелер синдромы).
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: - емнің алғашқы 2-3 күні: тәулігіне 3 рет 30 мг-ден (1 таблетка) қабылдайды (тәулігіне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). - емнің келесі күндері: тәулігіне 2 рет 30 мг-ден (1 таблетка) қабылдайды (тәулігіне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Қажет болған жағдайда, емдік әсерін артыру үшін: күніне 2 рет 2 таблеткадан қабылдайды (120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы). Енгізу әдісі және жолы Ішке, ас ішу кезінде немесе ас ішуге байланыссыз, таблетканы шайнамай тұтастай жұтып, көп мөлшердегі сұйықтықпен (мысалы сумен, шаймен немесе жеміс шырынымен) іше отырып қабылдау керек. Препараттың муколитикалық әсері сұйықтықты көп мөлшерде қабылдағанда көрініс береді, сондықтан емделу кезінде сұйықтықты көп ішу ұсынылады. Препаратты тура ұйықтар алдында пайдалануға болмайды. Емдеу ұзақтығы Дәрігердің кеңесінсіз емдеу кезеңі 4-тен 5 күнге дейін құрайды, одан кейін дәрігерге бару керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ағымына байланысты жеке таңдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.