БРОНХО-МУНАЛ П 3,5 мг №10 капс

5000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 20.00 мг лиофилизацияланған OM-85 бактерияларының лизаты төмендегіге сәйкес: - 3.50 мг лиофилизацияланған бактериялар лизаты: Haemophilus influenzae Streptococcus pneumoniae Klebsiella pneumoniae sugas pneumoniae and ozaenae Staphylococcus aureus Streptococcus pyogenes and sanguinis Moraxella (Branhamella) catarrhalis. - 0.042 мг сусыз пропилгаллат - 1.515 мг сусыз натрий глутаматы - 20.00 мг дейін маннитол қосымша заттар: маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин
Қолданылуы
Бронхо-Мунал П қайталанатын жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында профилактикалық дәрі ретінде: ‒ созылмалы бронхит ‒ тонзиллит ‒ фарингит ‒ ларингит ‒ ринит ‒ синусит ‒ отитте қолданылады
Қарсы көрсетілімдер
‒ белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ‒ 6 айға дейінгі балалар
Дозасы
6 айдан 12 жасқа дейінгі балалар Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі. Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн. Тұтас капсуланы жұта алмайтын жас балалар үшін капсуланы ашып, капсуланың ішіндегісін сусынмен (су, шай, сүт немесе шырын) араластырып, дайын қоспаны таңертең аш қарынға ішу ұсынылады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 2 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі. Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 2 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 2 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Бронхо-Мунал® П ішке қабылдауға арналған, таңертең аш қарынға қабылданады. Егер пациент Бронхо-Мунал® П қабылдауды ұмытып кетсе, оны келесі күні таңертең қабылдағаны жөн. Тұтас капсуланы жұта алмайтын пациенттерге капсуланы ашып, ішіндегісін аз мөлшерде сумен немесе қоспамен (шай, сүт немесе шырын) араластыру ұсынылады. Капсуланың ішіндегісін абайлап араластыра отырып еріту керек. Пациенттерге қоспаны бірнеше минут бойы толық пайдалану керек және қолданар алдында оны әрдайым араластыру ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.