+330 бонус

БРОНХО-МУНАЛ 7 мг №10 капс

6615 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Лек Фармасьютикалс д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 40.00 мг лиофилизацияланған OM 85 бактерияларының лизаты төмендегіге сәйкес: - 7.00 мг лиофилизацияланған бактериялар лизаты: Streptococcus (Diplococcus pneumoniae), Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella ozaenae, Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes and viridans, Streptococcus viridans, Moraxella (Branhamella / Neisseria) catarrhalis. - 0.084 мг сусыз пропилгаллат - 3.030 мг сусыз натрий глутаматына сәйкес  натрий глутаматы - 40.00 мг дейін маннитол қосымша заттар: маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты капсула қабығының құрамы: индиготин (Е132), титанның қостотығы (Е 171), желатин
Қолданылуы
тыныс алу жолдарының жедел инфекциялар кезінде кешенді ем құрамында тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекцияларының және созылмалы бронхиттің өршуінің профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ‒ жүктілік және лактация кезеңі ‒ 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды
Дозасы
Ересектер және 18 жастан асқан жасөспірімдер Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® препаратын 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі. Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® препаратын 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін Тұтас капсуланы жұта алмайтын пациенттерге капсуланы ашып, ішіндегісін аз мөлшерде сумен немесе қоспамен (шай, сүт немесе шырын) араластыру ұсынылады. Капсуланың ішіндегісін абайлап араластыра отырып еріту керек. Пациенттерге қоспаны бірнеше минут бойы толық пайдалану керек және қолданар алдында оны әрдайым араластыру ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жастан кіші балаларға беруге болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер клиникалық сынақтарда кеңінен қамтылды және бұл пациенттерде жалпы қауіпсіздік дабылдары анықталған жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер туралы шектеулі деректер бар. Клиникаға дейінгі уыттылық зерттеулерінде егеуқұйрықтар мен иттерде бүйрекке уытты әсер етуінің белгілері байқалмады. Сондықтан халықтың осы тобында өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қауіптену керек емес. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттер туралы шектеулі деректер бар. Клиникаға дейінгі уыттылық зерттеулерінде егеуқұйрықтар мен иттерде бауырға уытты әсер етуінің белгілері байқалмады. Сондықтан халықтың осы тобында өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қауіптену керек емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.