+151 бонус

БРОНХИПРЕТ 100 мл сироп

3025 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинация отхаркивающих препаратов
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Бионорика АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г шәрбаттың құрамында белсенді заттар: жебіршөп шөбінің сұйық сығындысы (1 : 2 - 2.5) – 15.0 г, айұрық жапырағының сұйық сығындысы (1:1) – 1.5 г Дәрілік зат құрамында 6-7% (к/к) спирт бар. қосымша заттар: мальтитол ерітіндісі, калий сорбаты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
Қолданылуы
Тыныс алу жолдарының жөтел, қақырық түзілуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- жебіршөп шөбі сығындысына және айұрық жапырағы сығындысына, ерінгүлділер (Lamiaceae) және аралий (Araliaceae) тұқымдас өсімдіктердің басқа түрлеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық. - жүктілік және бала емізу кезеңі - респираторлық симптомдардың нашарлау қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларда
Дозасы
Жасы Бір рет қабылдауға Тәуліктік доза 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға 3,2 мл 9,6 мл 6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға 4,3 мл 12,9 мл Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге 5,4 мл 16,2 мл Бронхипрет® шәрбатын жоғарыда көрсетілген кесте бойынша жасына сәйкес келетін дозада күніне үш рет қоса берілген өлшеуіш стақанның көмегімен қабылдаған жөн. Қажет болған жағдайда Бронхипрет® шәрбатын аз мөлшердегі сұйықпен (мысалы, стақан сумен) ішуге болады. Қолданар алдында құтыны шайқау керек! Енгізу жолы және тәсілі Ішке қабылдау үшін. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Бронхипрет шәрбатын күніне 3 рет қабылдайды (таңертең, түскі және кешке), Емдеу ұзақтығы Қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (Емдеу курсы-7 -14 күн.) Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Препаратты үш реттік тәуліктік дозадан асатын көп мөлшерде қабылдау жүрек айнуы, құсу, диарея тудыруы мүмкін. Емі: препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем бастау. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса) Жағымсыз әсерлерді бағалау мына жиілік санаттары қолданылады: Өте жиі (≥1 / 10) Жиі (≥1 / 100, <1/10) Жиі емес (≥1 / 1000, <1/100) Сирек (≥1 / 10000, <1/1000) Өте сирек (<1/10000) Белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін бағалау мүмкін емес) Жиі емес: - асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея). Сирек: - аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпелері, есекжем, беттің ісінуі, ауыз қуысының және/немесе тамақтың ісінуі, ентігу). Аса жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілерінде Бронхипрет® шәрбатын қабылдауды дереу тоқтату керек. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.