+140 бонус

БРОМОКРИПТИН-РИХТЕР 2,5 мг №30 таб

2800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бромокриптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 2,5 мг бромокриптин (2,87 мг бромокриптин мезилаты түрінде) қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, повидон, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Бромокриптин-Рихтер ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерде келесі көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған: - медициналық көрсетілімдер бойынша лактацияны бәсеңдетуде - гиперпролактинемияда - етеккір циклінің бұзылуында, әйел бедеулігінде - Паркинсон ауруында Бромокриптин-Рихтер ересектер мен 7 жастан асқан балаларда келесі көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған: - пролактиномаларда - акромегалияда
Қарсы көрсетілімдер
-  әсер етуші затқа басқа қастауыш алкалоидтарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бақыланбайтын гипертензия, жүктілік кезіндегі гипертониялық бұзылулар (эклампсияны, преэклампсияны немесе жүктілік туындатқан гипертензияны қоса алғанда), босанғаннан кейінгі гипертензия және босанғаннан кейінгі кезеңдегі гипертония - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - анамнезінде жүректің ишемиялық ауруының немесе жүрек-қантамырдың басқа да ауыр патологиясының немесе ауыр психикалық бұзылулар симптомдарының/оқиғасының болуы, лактацияны басу үшін немесе өмірге қауіп төндірмейтін басқа да көрсетілімдер бойынша - эхокардиография деректері бойынша ұзақ уақыт қолданғанда емдеу басталғанға дейін жүректің қақпақшалы аппараты патологиясының белгілері
Дозасы
Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 30 мг аспауы тиіс. Ересектер Бромокриптинмен емдеу бірқатар гетерогенді аурулар кезінде пайдаланылады, сондықтан ұсынылған қабылдау режимдері ерекшеленеді. Көптеген көрсетілімдерде, соңғы дозаға қарамастан, ең аз жағымсыз әсерлері болғанда оңтайлы жауапқа әдетте бромокриптин дозасын біртіндеп арттыру арқылы қол жеткізіледі. Келесі сызба ұсынылады: Бастапқы доза — ұйықтар алдында таблетканың жартысы (1,25 мг), 2-3 күннен кейін дозаны ұйықтар алдында 2,5 мг дейін арттыру керек. Содан кейін дозаны тәулігіне екі рет 2,5 мг ең жоғары дозаға жеткенге дейін 2-3 күн аралықпен таблетканың жартысына немесе тұтас таблеткаға (1,25 мг – 2,5 мг) арттыруға болады. Қажет болса,  дозаны әрі қарай арттыру осы сызба бойынша жүргізуге болады Лактацияның алдын алу Босану күнінде 2,5 мг дозада, содан кейін 14 күн бойы тәулігіне 2 рет 2,5 мг-ден. Осы көрсетілім бойынша тағайындаған кезде бромокриптин дозасын біртіндеп арттыру талап етілмейді. Лактацияны тоқтату Бірінші күні 2,5 мг дозада, 2–3 күннен кейін 14 күн ішінде тәулігіне екі рет 2,5 мг дейін дозаны арттырады. Осы көрсетілім бойынша тағайындаған кезде бромокриптин дозасын біртіндеп арттыру талап етілмейді. Гипогонадизм/галакторея синдромы/ бедеулік Бромокриптиннің дозасын ұсынылған сызбаға сәйкес біртіндеп арттырады. Гиперпролактинемиясы бар пациенттердің көпшілігінде препаратты тәулігіне 7,5 мг дозада (бөлек дозаларда) қолданудан талапқа сай әсерге қол жеткізіледі, алайда тәулігіне 30 мг дейінгі дозалар да қолданылуы мүмкін. Қан сарысуындағы пролактин деңгейі жоғарыламаған бедеулігі бар пациенттерде әдеттегі доза тәулігіне екі рет 2,5 мг құрайды. Пролактиномалар Бромокриптиннің дозасын ұсынылған сызбаға сәйкес біртіндеп арттырады. Содан кейін дозаны келесі сызба бойынша қабылдау арқылы 2-3 күн аралықпен тәулігіне 2,5 мг-ге арттыруға болады: 2,5 мг — әрбір 8 сағат сайын, 2,5 мг — әрбір 6 сағат сайын, 5 мг — әрбір 6 сағат сайын. Акромегалия Бромокриптиннің дозасын ұсынылған сызбаға сәйкес біртіндеп арттырады. Содан кейін дозаны келесі сызба бойынша қабылдау арқылы 2-3 күн аралықпен тәулігіне 2,5- ке арттыруға болады: 2,5 мг — әрбір 8 сағат сайын, 2,5 мг — әрбір 6 сағат сайын, 5 мг — әрбір 6 сағат сайын. Паркинсон ауруы Бромокриптинмен емдеуді біртіндеп келесі сызба бойынша бастау керек: 1-апта: ұйықтар алдында 1,25 мг. 2-апта: ұйықтар алдында 2,5 мг. 3-апта: тәулігіне екі рет 2,5 мг. 4-апта: тәулігіне үш рет 2,5 мг. Содан кейін препаратты пациенттің жауабына байланысты әрбір 3–14 күн сайын 2,5 мг-ге дозаны арттыра отырып, тәулігіне үш рет қабылдау керек. Дозаны арттыруды оңтайлы дозаға жеткенге дейін жалғастыру керек. Әдетте оңтайлы доза тәулігіне 10-нан 30 мг - ға дейінді құрайды. Егер пациент леводопаны қабылдаған болса, леводопаның дозасын біртіндеп азайтуға болады, ал бромокриптиннің дозасын оңтайлы тепе-теңдікке жеткенге дейін арттыруға болады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Бромокриптин-Рихтер таблеткаларын әрдайым тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблетканы тең дозаларға бөлуге болады. Емдеу ұзақтығы Бромокриптин-Рихтер препаратын дәрігер тағайындағандай ұзақ қабылдау керек. Бәлкім, бұл препаратты ұзақ уақыт қабылдауға тура келеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.