+136 бонус

БРОМГЕКСИН 100 мл сироп

2730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бромгексин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - 80 мг бромгексин гидрохлориді, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, кристалданбайтын сорбитол ерітіндісі (100 % сорбитке шаққанда),  96% этанол, левоментол, анис майы, жалбыз майы, фенхел майы, тазартылған су. Сыртқы түрінің сипаттамасы Өзіне тән иісі бар түссіз немесе сәл боялған мөлдір сұйықтық.
Қолданылуы
Шырыштың түзілуі мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүретін бронхтың және өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезінде секретолитикалық дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне, соның ішінде сорбитке жоғары сезімталдық - асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы - жөтел рефлексін бәсеңдететін жөтелге қарсы препараттармен (мысалы, кодеинмен), әсіресе ұйықтар алдында бір уақытта қолдану. Мұндай біріктірілген қолдану қақырықты түсіруді кідіртеді
Дозасы
Бромгексинді тамақтануға қарамастан тәулігіне 3 рет қабылдайды. Емдеу үдерісінде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қолдану керек, ол бромгексиннің секретолитикалық әсерін демейді. 5 мл шәрбаттың (1 шай қасық) құрамында 4 мг бромгексин гидрохлориді бар. Сироптың бір дозасы пациенттің жасына байланысты. Ересек пациенттерге тәулігіне 3 рет 2-4 шай қасықтан (8-16 мг) тағайындайды. Қажет болған кезде доза тәулігіне 4 рет 16 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін, яғни ең жоғары бір реттік доза 16 мг; ең жоғары тәуліктік доза 64 мг құрайды. Бүйрек қызметінің бұзылулары бар пациенттер Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бауырда түзілетін бромгексин метаболиттерінің жинақталуы мүмкін. Дозаны азайту немесе дозаны қабылдау арасындағы аралықтарды арттырудың қажет болуы мүмкін. Бауыр қызметінің бұзылулары бар пациенттер Бұзылу ауырлығының деңгейіне байланысты дозаны азайтқан немесе дозаны қабылдау арасындағы аралықтарды арттырған жөн. Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы жоқ егде жастағы пациенттерге (65 жастан асқан) дозаны түзетудің қажеті жоқ. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге шәрбаттың құрамында 96 % этанолдың болуына байланысты қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолдану үшін. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.