+214 бонус

Бритосопт 5 мл гл кап

4280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл құрамында белсенді заттар: бринзоламид 10 мг, тимолол малеаты 6.8 мг (5.0 мг тимололға баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлориді, маннитол, карбомер 974Р, динатрий эдетаты, тилоксапол, натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомасы бар немесе монотерапия КІҚ-ны жеткілікті төмендетуді қамтамасыз етпейтін көз гипертензиясы бар ересектерде көзішілік қысымның (КІҚ) төмендеуі
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - басқа β-адреноблокаторларға аса жоғары сезімталдық - сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық - бронх демікпесін немесе анамнезінде бронх демікпесінің болуын қоса алғанда, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, сондай-ақ өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары - синусты брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриальді блокада, кардиостимулятормен бақылаусыз екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок - ауыр аллергиялық ринит - гиперхлоремиялық ацидоз - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса алғанда, ересектер Бритосопт препаратының бір тамшысын зақымданған көздің (екеуіне) конъюнктивалық қабына тәулігіне екі рет тамызады. Жүйелік сіңу мұрын-көз жасы өзегінің окклюзиясы немесе қабақтың жабылуы кезінде азаяды. Бұл жүйелік жағымсыз реакцияларды азайтып, жергілікті белсенділікті арттыруы мүмкін. Егер дозаны өткізіп алған болса, емді дозалау режиміне сәйкес келесі дозаны қолданумен жалғастыру керек. Доза тәулігіне екі рет зақымданған көзге (екеуіне) бір тамшыдан аспауы тиіс. Басқа офтальмологиялық глаукомаға қарсы препаратты Бритосопт препаратына ауыстырған кезде алдыңғы препаратты тоқтатқаннан кейін келесі күні Бритосоптпен емдеуді бастау керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі деректердің болмауына байланысты анықталмаған. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде құрамында бринзоламид 10 мг/мл және тимолол 5 мг/мл көзге тамызатын дәріні немесе құрамында тимолол 5 мг/мл бар көзге тамызатын дәріні қолдануға зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Құрамында бринзоламид 10 мг/мл және тимолол 5 мг/мл бар көзге тамызатын дәріні қолдану бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин құрайды) немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелмеген. Бринзоламид пен оның негізгі метаболиті негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, Бритосопт бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Енгізу әдісі мен жолы Препарат офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Қолданар алдында құтыны шайқау қажет! Құты ішіндегісінің және тамшылатқыштың микробтық ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұшының көзбен, қабақпен немесе қандай да бір беткейлермен жанасуын болдырмау керек. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жабық күйінде ұстау қажет. Бритосопт препаратын жергілікті қолдану үшін басқа офтальмологиялық препараттармен біріктіріп қолданған жағдайда оларды қолдану арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көзге арналған жақпамай соңғы кезекте қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.