+189 бонус

БРИНЭРА 5 мл капли глазные

3790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл құрамында белсенді заттар: бринзоламид 10.00 мг, тимолол малеаты 6.83 мг (тимололға баламалы) 5.0 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, тилоксапол, маннитол, карбомер 974Р (карбомер гомополимері В типі), хлорсутек қышқылы (рН 7.3 ± 0.3 дейін), натрий гидроксиді (рН 7.3 ± 0.3 дейін), инъекцияға арналған су 1,00 мл дейін.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде келесіде қолдану үшін көрсетілген: - глаукоманың ашық бұрышты түрі бар пациенттерде көзішілік қысымды (КІҚ) төмендету немесе монотерапия жеткіліксіз болып шыққан көзішілік гипертензиясы бар ересек пациенттерде КІҚ төмендету үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық басқа бета-адреноблокаторларға аса жоғары сезімталдық сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық бронх демікпесін, анамнездегі бронх демікпесін немесе өкпенің созылмалы ауыр обструктивтік ауруларын (ӨСОА) қоса, тыныс алу жолдарының реактивтік аурулары синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриалдық блокада, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (кардиостимулятормен бақыланбайтын), айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок ауыр дәрежелі аллергиялық ринит гиперхлоремиялық ацидоз бүйректің ауыр жеткіліксіздігі.
Дозасы
Дозалану режимі БРИНЭРА көзге тамызатын дәрісін зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қапшығына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан тамызады. Пайдалану кезінде мұрын-көз жасы өзегін 2 минутқа қысу немесе қабақты жабыңқырау ұсынылады. Бұл дәрілік препараттың жүйелі сіңуін төмендетеді және жағымсыз жүйелік реакциялардың дамуына және препараттың жергілікті белсенділігінің артуына профилактика ретінде болады. Егер дозаны өткізіп алса, емдеуді келесі дозамен жоспардағыдай жалғастыру керек. Доза зақымданған көзге (көздерге) тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан аспауы тиіс. Басқа офтальмологиялық глаукомаға қарсы дәрілік препаратты БРИНЭРА препаратына ауыстырған кезде басқа дәрілік затты қолдануды тоқтатып және БРИНЭРА препаратын қолдануды келесі күні бастау керек. Балалар БРИНЭРА препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қауіпсіз және тиімді қолданудың клиникалық деректері жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер БРИНЭРА бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер БРИНЭРА қолдану бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерде және гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелмеген. Бринзоламид пен оның негізгі метаболиті негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, БРИНЭРА бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.