БРИНЕКС 1% капли глазные 5 мл

2280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бринзоламид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сентисс Фарма Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - бринзоламид, 10 мг. қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, динатрий эдетаты, карбомер 974 Р, маннитол, тилоксапол, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су
Қолданылуы
Бринекс дәрілік препараты көзішілік қысымның жоғарылауын төмендету үшін келесіде қолданылады: көзішілік қысымның жоғарылауында ашықбұрышты глаукомада бета-адреноблокаторларға реакция бермеген немесе бета-адреноблокаторды қолдануға болмайтын ересек пациенттерде монотерапия ретінде ересек пациенттерде бета-адреноблокаторларға немесе простагландин аналогтарына қосымша ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық сульфаниламидтерге белгілі аса жоғары сезімталдық бүйректің ауыр жеткіліксіздігі. гиперхлоремиялық ацидоз. 8 жасқа дейінгі балаларға (препарат құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты)
Дозасы
Монотерапия немесе қосымша ем ретінде пайдаланғанда дозасы зақымданған көздің (екі көздің) төменгі конъюнктива қалтасына күніне 2 рет Бринекс препаратының бір тамшысын құрайды. Кейбір пациенттерге препаратты бір тамшыдан күніне 3 рет тамызу ұсынылады. Балалар Туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде бринзоламидтің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бринекс препаратын балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды (препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттердегі қауіпсіздігі мен тиімділігінің деректері жоқ, сондықтан пациенттердің бұл тобында қолдану ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл / мин) пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде бринзоламидті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігінің деректері жоқ. Бринзоламид пен оның негізгі метаболиті көбінесе бүйрек арқылы шығарылатындықтан, ондай пациенттерге Бринекс препаратын қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы жолының окклюзиясы немесе қабақты жаба тұру ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданылған дәрілік препараттың жүйелі сіңуі мен жағымсыз әсерін азайтады. Құтыны сілкиді және қақпағын бұрап ашады. Қақпағын ашқаннан кейін егер бірінші ашылуын бақылауға арналып бекітілген сақина босап қалса, оны препаратты қолдану алдында алып тастау керек. Құты ішіндегісінің ластануын болырмау үшін пипетканың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек. Қолданғаннан кейін құтыны тығыз жауып қою керек. Глаукомаға қарсы басқа препаратты бринзоламидтің көзге тамызатын дәрілерімен алмастырған кезде, алмастырылатын препаратты қабылдауды тоқтату және келесі күні Бринекс препаратын қабылдауды бастау қажет. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препаратты пайдаланғанда, тамызулар арасындағы кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет. Ең соңынан көзге арналған жақпамайды жағу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.