БРИМО капли глазные 5мл

3575 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бримонидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: САУДОВСКАЯ АРАВИЯ
  • Өндіруші: Жамжум Фармасьютикалс Ко. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - бримонидин тартраты 2 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий хлориді, поливинил спирті, 1М натрий гидроксиді немесе 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Бримо ашық бұрышты глаукома немесе көзішілік гипертензиясы бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды төмендету үшін көрсетілген. - жергілікті бета-блокаторлармен ем қарсы көрсетілген пациенттерде монотерапия ретінде - глаукомаға қарсы басқа препараттармен монотерапия кезінде көзішілік қысымның барабар төмендеуіне қол жеткізілмеген пациенттерде қосымша ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - моноаминоксидаза тежегіштерімен немесе норепинефриннің босап шығуы арқылы әсер ететін басқа антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану (мысалы, трициклді антидепрессанттар және миансерин) - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерге (егде жастағы пациенттерді қоса алғанда) ұсынылатын доза Ұсынылатын доза әрбір 12 сағат сайын тәулігіне екі рет зақымданған көзге Бримо препаратының бір тамшысын құрайды. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Препарат офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Ықутимал жүйелік сіңірілуді төмендету үшін көздің ішкі бұрышын (көз жасы арнасының окклюзиясы) бір минут бойы басу ұсынылады. Емшара әр тамшыны тамызғаннан кейін дереу орындалуы керек. Құтыдан қалпақшаны алғаннан кейін, егер ол тұрақсыз болып қалса, сақтандыру сақинасын алып тастау қажет. Бір жергілікті офтальмологиялық препаратты қолданған кезде енгізулер арасындағы аралық 5-15 минутты құрауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.