+1247 бонус

БРИЛИНТА 90 мг №56 таб

24950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тикагрелор
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 90 мг тикагрелор, қосымша заттар: маннитол, кальций гидрофосфаты, натрий крахмалгликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабық құрамы: гипромеллоза 2910 (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (E171), тальк, полиэтиленгликоль 400, темірдің сары тотығы (E172).
Қолданылуы
Брилинта™ препараты мына ересек пациенттерде атеротромбоздық оқиғалар профилактикасы үшін ацетилсалицил қышқылымен бірге қолдануға көрсетілген: жедел коронарлық синдроммен анамнездегі миокард инфарктісімен, сондай-ақ атеротромбоздық асқынудың жоғары даму қаупімен
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық патологиялық қан кетудің болуы анамнездегі бассүйек ішіне қан құйылу бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі тикагрелорды CYP3A4 қуатты тежегіштерімен бірге қолдану (мысалы, кетоконазол, кларитромицин, нефазодон, ритонавир және атазанавир), себебі бірге қолдану тикагрелор әсерінің едәуір артуына алып келуі мүмкін
Дозасы
Брилинта™ препаратын қабылдап жүрген пациенттер, егер спецификалық қарсы көрсетілімдері болмаса, ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) 75-150 мг демеуші дозасын күнделікті қабылдауы тиіс. Жедел коронарлық синдром Брилинта™ препаратын қолдануды бір реттік 180 мг жүктеме дозасынан (90 мг екі таблетка) бастап, артынан тәулігіне екі рет 90 мг қабылдауды жалғастырған жөн. Жедел коронарлық синдром бар пациенттерге, препаратты мерзіміне дейін тоқтатудың клиникалық қажеттілігі болған жағдайлардан басқа, 12 ай бойы тәулігіне екі рет 90 мг Брилинта™ препаратымен ем жүргізу ұсынылады. Тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) жасалған және қан кетудің даму қаупі жоғарылаған жедел коронарлық синдром бар пациенттерде АСҚ тоқтатуды 3 ай өткен соң қарастыруға болады. Бұл жағдайда 9 ай бойы тикагрелорды антитромбоцитарлық монотерапия ретінде қабылдауды жалғастырған жөн. Анамнездегі миокард инфарктісі Брилинта™ препаратының тәулігіне екі рет 60 мг дозасы анамнезінде ең болмаса бір жыл ішінде алған миокард инфарктісі бар пациенттерді, сондай-ақ атеротромбоздық асқынулар туындауының қауіп тобында болатын пациенттерді ұзақ уақыт емдеу қажеттілігі туындаған жағдайда ұсынылатын доза болып табылады. Емдеуді атеротромбоздық асқынулардың жоғары туындау қаупіне ұшыраған ЖКС бар пациенттерде 90 мг Брилинта™ препаратымен бастапқы бір жылдық емдеуден немесе аденозиндифосфат (АДФ) рецепторларының басқа тежегішімен емдеуден кейінгі емнің жалғасы ретінде үзіліссіз бастауға болады. Емдеуді миокард инфарктісін өткеруден кейін 2 жыл ішінде немесе осының алдында АДФ рецепторы тежегішімен емдеу аяқталған соң бір жыл ішінде бастауға да болады. 3 жыл ұзақ уақыт емдеуден кейін Брилинта™ препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Егер дозаларын өзгерту қажет болса, Брилинта™ препаратының алғашқы дозасын антитромбоцитарлық препараттың соңғы дозасын қабылдаудан кейін 24 сағат ішінде қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесіндегі пациенттерде Брилинта™ препаратын пайдалану қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі орташа пациенттерге дозаны түзету қажет емес, алайда тикагрелорды қолдану сақтықпен жүзеге асуы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесіндегі пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Брилинта™ препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады. Таблетканы тұтастай жұта алмайтын пациенттер үшін дереу қабылдау шартымен таблеткаларды ұсақ ұнтақтап уатуға және жарты стақан сумен араластыруға болады. Стақанды тағы бір жарты стақан сумен шайып, ішіндегісін ішіп қою керек. Қоспаны назогастральді зонд (СН8 немесе көбірек) арқылы да қабылдауға болады. Қоспаны қабылдаудан кейін назогастральді зондты сумен жуып-шаю маңызды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.