+13 бонус

БОЯРЫШНИКА НАСТОЙКА 90мл

270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кардиологические препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ФармАктобе ТК ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл препараттың құрамында белсенді зат - 10 г долана жемістері қосымша зат - 70 % этил спирті
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында: жүрек қызметінің функционалдық бұзылыстары климакстық синдром кардиалгия астено-невроздық жағдай артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - артериялық қысымның төмендеуі - жүрек ырғағының бұзылуы
Дозасы
Ішуге арналған Қолданар алдында шайқау керек. Долана тұндырмасын ішке тамаққа дейін қабылдайды. Ересектерге, ¼ стакан суға ерітілген тұндырманы, тұрақты емдік әсерге жеткенге дейін 20-30 тамшыдан күніне 3 рет қабылдау ұсынылады (артериялық қысымды қалыпқа келтіру, жүрек соғуын азайту). Тұндырманы құрамында этанолдың болуына байланысты ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Емдеу кезінде құрамында этанол бар басқа заттарды қабылдаудан аулақ болу қажет. Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау. Егде жастағы пациенттерде қолдану: сақтықпен тағайындау. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ерекшеліктерін, дәрілік заттың жағымдылығын және қол жеткізілген әсерді ескере отырып анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.