+325 бонус

БОНВИВА 150 мг №1 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
6500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибандроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: Пенн Фармасьютикал Сервисэз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 168,75 мг натрий ибандронаты моногидраты (150.00 мг ибандрон қышқылына баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты 162,75 мг, стеарин қышқылы 9,0 мг, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы 4,5 мг, кросповидон 22,5 мг, микрокристалды целлюлоза 60,0 мг, повидон К25 22,5 мг, Опадри 00А28646 қабығының құрамы: қаптауға арналған ақ қоспа (тальк, титанның қостотығы Е171, гипромеллоза) 12,75 мг, макрогол 6000 2,25 мг
Қолданылуы
Сынулар қаупі жоғары әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін. Омыртқалардың сынулары қаупінің төмендегені туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезіндегі тиімділігі анықталмаған.
Қарсы көрсетілімдер
- ибандрон қышқылына немесе «Құрамы» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық - гипокальциемия - өңеш дамуының аномалиялары, ол кезде тамақтың пассажы бұзылады (өңештің стриктуралары, кардия ахалазиясы) - пациенттің таблетканы қабылдағаннан кейін 60 минут бойы тігінен тұруға немесе тік отыруға мүмкіндігінің болмауы.
Дозасы
Айына бір рет 150 мг-ден (1 таблетка). Препаратты балалар мен бала туатын жастағы әйелдерге тағайындамайды. Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы жағдайында дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының әлсіз және айқындығы орташа бұзылуы кезінде дозасын түзету талап етіл-мейді, препаратты бүйректің ауыр ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Бонвива препаратының таблеткасын отырған немесе тұрған қалыпта тұтастай, бір стақан (180–240 мл) таза сумен ішіп жұту керек. Ауызжұтқыншақта ойық жаралар түзілуі мүмкіндігіне байланысты, таблеткаларды шайнауға немесе соруға болмайды. Су - Бонвива препаратын ішуге пайдалануға болатын жалғыз сусын.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.