+366 бонус

БОНЕОСТ 150 мг №1 таб

7320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибандроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Spey Medical Ltd
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 168.79 мг ибандронат натрий моногидраты (150.00 мг ибандрон қышқылына баламалы) қосымша заттар: повидон К30, микрокристалды целлюлоза (102 типі), желатинделген крахмал (крахмал 1500), кросповидон А типі (коллидон CL), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, глицерол дибегенаты (Компритол 888 АТО). Қабығының құрамы: қаптауға арналған ақ қоспа (титанның қостотығы E 171, лактоза моногидраты, гипромеллоза 15 сР (HPМС 2910), макрогол/ПЭГ 4000, гипромеллоза 3 сР (HPМС 2910), гипромеллоза 50 сР (HPМС 2910).
Қолданылуы
Әйелдерде сынулардың алдын алу мақсатында менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін. Омыртқалардың сыну қаупінің төмендеуі туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезінде тиімділік анықталмаған.
Қарсы көрсетілімдер
ибандрон қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық қандағы кальций деңгейінің төмендеуі (гипокальциемия) тағамның қозғалысы бұзылатын өңеш ауруы (өңештің тарылуы- өңештің стриктурасы, асқазанға түсер алдында өңеш бөлігінің түйілуі - кардия ахалазиясы) пациент үшін таблетканы қабылдағаннан кейін 60 минут бойы тік қалыпта тұрудың немесе отырудың мүмкін болмауы жүктілік және емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Ішке, айына бір рет 150 мг-ден (1 таблетка). Балалар Бонеост препараты 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Әлсіз және орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Препаратты ауыр бүйрек ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерге). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Бонеост препаратының таблеткасын отырған немесе тұрған қалыпта тұтастай, бір стақан (180–240 мл) таза сумен ішіп жұту керек. Кальцийдің жоғары концентрациясы бар суды қолдануға болмайды. Су - Бонеост препаратын ішуге болатын бір ғана сусын. Бонеост препаратын қабылдағаннан кейін 60 минут ішінде жатуға болмайды. Ауыз-жұтқыншақта ойық жараның ықтималды түзілуіне байланысты таблеткаларды шайнауға немесе соруға болмайды. Құрамында кальций көп болатын минералды суды (судан басқа) немесе сусындар немесе кез-келген басқа пероральді дәрілік препараттарды немесе тағамдық қоспаларды (соның ішінде кальций) қолдануға болмайды. Егер құбыр суындағы кальцийдің (кермек су) әлеуетті жоғары деңгейіне қатысты күдік туындаса, минералды заттар мөлшері төмен бөтелкедегі суды пайдалану ұсынылады. Кальций қоспалары, антацидтер және құрамында поливалентті катиондар (мысалы, алюминий, магний, темір) бар кейбір пероральді препараттар ибандрон қышқылының сіңуін бұзуы мүмкін, сондықтан пациенттер Бонеост препаратын қабылдағанға дейін 6 сағат бойы және қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы басқа препараттарды пероральді қабылдамауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.