+47 бонус

Болиoff 200 мг № 10 капс

940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Минскинтеркапс УП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 200 мг ибупрофен, қосымша заттар: макрогол 600, тазартылған су*, калий гидроксиді** * – құрамына 50% калий гидроксиді ерітіндісі кіреді. ** – 50% калий гидроксиді ерітіндісі ретінде қолданылады. Дайын өнімнің құрамында болмайды, ибупрофен калий тұзының түзілуімен реакцияға түседі. Капсула қабығының құрамы: желатин, кристалданбайтын сорбитол ерітіндісі, тазартылған су, керемет қызыл (Е-129).
Қолданылуы
Келесі жағдайларда симптоматикалық ем үшін: бас ауыруы бас сақинасы тіс ауыруы ауырсынумен жүретін етеккір невралгия арқаның ауыруы бұлшықеттегі және ревматизмдік ауырулар тұмау мен суық тию ауруларындағы қызба жай-күйінде
Қарсы көрсетілімдер
ибупрофенге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрын немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) белсенді фазадағы немесе анамнездегі АІЖ мүшелерінің эрозиялы-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жарадан қан кету (ойық жаралы аурудың немесе ойық жарадан қан кетудің екі және одан көп расталған көрінісі) ҚҚСП қолдану түрткі болған анамнездегі қан кету немесе АІЖ ойық жарасының тесілуі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді фазадағы бауыр ауруы бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин), расталған гиперкалиемия жүректің ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологтар қауымдастығының жіктеуі, IV класс), аортокоронарлық шунттау жүргізуден кейінгі кезең цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кету болған пациенттерге. гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу салдарынан) фруктоза жақпаушылығы жүктілік (III триместр) 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Препарат тек қысқа мерзімді қолдануға және ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдануға арналған. Бастапқы доза-1-2 капсуланы (200-400 мг ибупрофен) құрайды. Қажет болса, препаратты 1-2 капсула (200-400 мг ибупрофен) дозасында қайта қабылдауға болады. Дозалау аралығы симптомдардың айқындығына және ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдау аралығы 400 мг дозада кемінде 6 сағат және 200 мг дозада кемінде 4 сағат болуы керек. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс. Жасы Капсуладағы бір реттік доза Капсуладағы ең жоғары тәуліктік доза 12 жастан асқан балалар, ересектер мен егде жастағы пациенттер 1 немесе 2 капсула (200 немесе 400 мг ибупрофен) 6 капсула (1200 мг ибупрофен) Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда қолдану бойынша қосымша ақпаратты жоғарыда көрсетілген кестеден қараңыз. Егде жастағы пациенттер Дозаны қандай да бір арнаулы түрде түзету қажет емес. Жағымсыз әсердің даму ықтималдығына байланысты егде жастағы пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді (бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды). Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Капсулаларды шайнамай тұтас күйде қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жағымсыз реакциялардың даму қаупін азайту үшін ибупрофенді ең аз тиімді дозада және клиникалық әсерге жету үшін қажетті ең қысқа мерзімде қабылдау керек. Асқазаны сезімтал пациенттерге Болиоff тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Тамақтанғаннан кейін бірден Болиоff қабылдаған кезде препараттың әсер етуі кешіктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда препараттың дозасын ұсынылған дозадан артық ұлғайтуға болмайды. Емдеу ұзақтығы Препарат тек қысқа мерзімді қолдануға арналған. Егер балаларда симптомдар 3 күннен артық сақталса немесе препаратты қабылдағаннан кейін 3 күннен соң жағдайдың нашарлауы байқалса, онда дәрігер кеңесіне жүгіну керек. Егер ересектерге бұл дәрілік препаратты қызба кезінде 3 күннен артық немесе ауырсынуды емдеу үшін, сондай-ақ симптомдар өршігенде 4 күннен артық қабылдау қажет болса дәрігер кеңесіне жүгіну керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.