БЛЕМАРЕН 80 таб шипучих

14750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения нефроуролитиаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Альфамед Фарбиль Арцнаймиттель ГмбХ
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 1197.0 мг сусыз лимон қышқылы, 967.5 мг калий гидрокарбонаты, 835.5 мг сусыз натрий цитраты қосымша заттар: лактоза моногидраты, маннитол, натрий сахаринаты, адипин қышқылы, макрогол 6000, лимон хош иістендіргіші.
Қолданылуы
кальцийленген тастары қатар болатын немесе онсыз несепқышқылды тастардан зардап шегіп жүрген пациенттерде несепті сілтілендіру үшін кальций тастарының метафилактикасында (қайталанудың профилактикасы және /немесе қалдық фрагменттер өсуінің профилактикасы)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бүйрек функциясының жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы (метаболизмдік алкалоз) мочевинаны ыдырататын микроорганизмдерден туындаған несеп шығару жолдарының инфекциялық аурулары несептің рН 7,0-ден жоғары тұзсыз диетаны қатаң сақтау (мысалы, артериялық гипертензияның ауыр түрлерінде) тұқым қуалайтын эпизодтық адинамия қанайналым жеткіліксіздігі 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Несепқышқылды тастардан зардап шегіп жүрген пациенттерде несепті сілтілендіру үшін  Дозаны жекелей белгілейді. Демеуші ем үшін несептің рН 6.2-6.8 шегі шамасында болуы тиіс. Орташа тәуліктік доза жекелей ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады және көпіршитін 3 таблетканы құрауы мүмкін. Тәуліктік дозаны күні бойы 3 қабылдауға тең етіп (мысалы, 8, 14 және 20 сағат) бөледі және тамақтан кейін қабылдайды. Егер несептің pH шамасы 6,2-ден төмен болса, препараттың дозасын арттырады. Бұл кешкі дозамен (2 таблетка), ерекше жағдайларда 3 таблеткамен түзетілуі тиіс. Егер несептің рН шамасы 6.8-ден жоғары болса, онда препарат дозасын азайтады. Уратты тастардың хемолитолизі үшін несептің рН 7.0-7.2 құрауы тиіс. Кальций тастарымен қатар, несеп қышқылының тастарынан зардап шегіп жүрген пациенттерде кальций тұздарының метафилактикасында және несепті сілтілендіруде несептің pH 6,8-7,4 шегінде болуы тиіс. Дозаны осы рН диапазонына жеткізу үшін жекелей белгілейді: бұл, әдетте көпіршитін 3 таблетка. Егер қажет болса, доза арттырылуы мүмкін, бірақ көп жағдайда, жоғарыда аталған рН диапазоны шегіндегі нәтижеге қол жеткізу үшін 5 таблетка жеткілікті.    3 таблетка тәуліктік дозасын бір рет кешке қабылдануы немесе күні бойы қабылданатын бірдей 3 дозаға бөлінуі мүмкін. Препарат дозасын арттырған кезде таңертең бір таблетка, біреуін түсте, 2-3 таблетканы кешке қабылдау керек. Блемарен препараты таблеткаларының дозасы, несептің рН оңтайлы диапазон шегінде болуы үшін, жекелей белгіленуі тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Көпіршитін таблеткаларды 200 мл суда еріткеннен кейін ішке бірден қабылдаған жөн. Ұзақ араластырмаған жөн, сұйықтық аздап лайланып, бетінде ерімеген бөлшектер болуы мүмкін Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы 4 аптадан 6 айға дейін өзгеріп отырады. Препаратты қолдану тиімділігін бақылауды, әрбір бір реттік дозаны қабылдар алдында несептің рН-ын индикатор қағаздың көмегімен анықтау арқылы  күніне 3 рет жүргізеді. Қағазда алынған түсті 2 минут ішінде шкаламен салыстырады және алынған шаманы бақылау күнтізбесіне енгізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.