+67 бонус

БИСОПРОЛОЛ-ТЕВА 5 мг 30 таб

1350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Меркле ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат -5 мг немесе 10 мг бисопролол гемифумараты, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон (Коллидон CL), сары бояғыш РВ 22812*, сарғыш бояғыш РВ 27215**, магний стеараты * Сары бояғыш РВ 22812 құрамы: лактоза моногидраты, темірдің (II) сары тотығы Е172 ** Сарғыш бояғыш РВ 27215 құрамы: лактоза моногидраты, темірдің (II) сары тотығы Е, темірдің (II) қызыл тотығы Е172
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
Қарсы көрсетілімдер
- бисопрололға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бисопрололға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе в/і инотропты ем енгізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы кезеңінде - кардиогенді шок - II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторсыз) - синусты түйін әлсіздігі синдромы - синоатриальді блокада - емдеу алдында ЖЖЖ минутына 60 соғудан аз симптоматикалық брадикардия - симптоматикалық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм с. б. төмен) - ауыр бронх демікпесі және ауыр ӨСОА (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы) - шеткері артериялардың окклюзиялық ауруларының кеш сатылары немесе Рейно ауруы - емделмеген феохромоцитома - метаболизмдік ацидоз - флоктафенинмен және султопридпен біріктірілімдер - моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (В типті МАО тежегіштерінен басқа) - галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, галактоза-глюкоза мальабсорбциясы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Емдеуді біртіндеп, азырақ дозадан бастау керек, содан кейін арттырады. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, әр адамға жеке таңдалуы керек. Артериялық гипертензияны емдеу Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Артериялық гипертензияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм с.б. дейін), күніне бір рет 2,5 мг дозамен емдеу жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс. Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) Бисопролол-Тева препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларға негізделуі және жүргізілуі тиіс. Бисопролол-Тева препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәуліктік дозадан 10 мг асырмау ұсынылады. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Балалар мен жасөспірімдер Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларда қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды таңертең таңғы асқа дейін шайнамай, аз мөлшерде сұйықтықпен қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектелмейді және аурудың барысы мен ауырлығына байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.