+25 бонус

БИСОПРОЛОЛ 5мг N30 таб п.о.

515 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – бисопролол фумараты - 5 мг немесе 10 мг; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты дигидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий крахмалгликоляты (А типі), Опадрай II (оның ішінде поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль 3350), қызғылт түсті бояғыш пигмент (құрамында титанның қостотығы (Е 171), кармин тотығы (Е 120), индигокармин негізіндегі алюминий лагы (Е 132) темірдің қара тотығы (Е 172 бар)) немесе көгілдір түсті бояғыш пигмент (құрамында титанның қостотығы (Е 171), индигокармин негізіндегі алюминий лагы (Е 132), хинолинді сары негізіндегі алюминий лагы (Е 104 бар)).
Қолданылуы
артериялық гипертензия жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты емді талап ететін декомпенсация сатысындағы  жүрек жеткіліксіздігі кардиогендік шок II және III дәрежедегі      атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторсыз) синусты түйін әлсіздігі синдромы синоатриальді блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия ауыр бронх демікпесі шеткері артериялық обтурациялайтын аурулардың кеш сатылары немесе Рейно ауруы емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (осы жас тобындағы тиімділік пен қауіпсіздік бойынша деректер жеткіліксіз)
Дозасы
Ем негізінен біртіндеп кейіннен жоғарылатылатын аз дозадан  басталуы тиіс. Барлық жағдайларда  пульстің жиілігін және емдік әсерін ескеріп  доза жекелей таңдалуы керек. Артериялық гипертензияны емдеу Бисопрололдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Жеңіл дәрежелі артериялық гипертензия кезінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм сын.бағ. дейін) тәулігіне бір рет 2,5 мг дозада ем жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі ұлғайту үшін нақты себеп керек және ерекше жағдайларда жүргізілуі тиіс. Ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) Бисопрололдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі ұлғайту үшін нақты себеп керек және ерекше жағдайларда жүргізілуі тиіс. Ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерге, әдетте, дозалау режимін түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды. Диализдегі пациенттерде бисопрололды қолдану тәжірибесі шектеулі. Дозалау режимін өзгерту қажеттілігін көрсететін деректер жоқ. Егде жастағы адамдар Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды таңертең таңғы асқа дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін шайнамай, сұйықтықтың аздаған мөлшерін іше отырып, қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектелмейді және аурудың барысы мен ауырлығына байланысты. Бисопрололмен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, себебі бұл пациенттің денсаулығының жай-күйінің жедел нашарлауына әкелуі мүмкін. Емдеуді тоқтату қажет болса, тәуліктік доза біртіндеп (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайта отырып) төмендетілуі тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.