+35 бонус

БИСОПРОЛОЛ 5мг №30 таблетки Лекфарм

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 5.0 мг бисопролол фумараты (5 мг дозасы үшін) 10.0 мг бисопролол фумараты (10 мг дозасы үшін), қосымша заттар: магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, кросповидон (А типі), жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, қабықтың құрамы: Сары үлбірлі қабық (поливинил спирті, полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), темірдің сары тотығы (Е 172), қызғылт-сары сары S (Е 110)).
Қолданылуы
- артериялық гипертензияда - жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотропты ем жүргізуді талап ететін жүрек функциясы жеткіліксіздігінің декомпенсация эпизодтары кардиогенді шок II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (кардиостимуляторсыз) синус түйінінің әлсіздік синдромы синоатриялық блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық артериялық гипотензия бронхтың ауыр демікпесі шеткері артерия ауруының ауыр түрі немесе Рейн синдромының ауыр түрі емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз
Дозасы
Емдеуді біртіндеп, аз дозалардан бастау керек, содан кейін оларды арттырады. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, жеке таңдалуы керек. Артериялық гипертензияны емдеу Бисопрололдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Гипертонияның жеңіл түрлерінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм сын.бағ. дейін) күніне бір рет 2.5 мг дозамен ем жеткілікті болуы мүмкін. Қажеттілігіне қарай, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс. Препараттың ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) Бисопрололдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды. Қажеттілігіне қарай, дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс. Препараттың ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды аз мөлшерде сұйықтықпен, таңертең таңғы асқа дейін, таңғы ас кезінде немесе одан кейін шайнамай қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектелмеген және аурудың ағымы мен ауырлығына байланысты Препаратпен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан пациенттерде күрт тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулығын күрт нашарлатуы мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту). Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа ауырлықтағы бұзылулары бар пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды. Диализдегі пациенттерде бисопрололды қолданудың шектеулі тәжірибесі бар, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін меңзамейді. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Балалар мен жасөспірімдер: Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларда қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.