+80 бонус

БИСОПРОЛОЛ 5 мг №30 таб Санто

9:00-ден кейін қолжетімді
1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 2.5 мг, 5 мг және 10 мг бисопролол фумараты қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, силикатталған (PROSOLV®RX 90), натрий кроскармеллозасы, А типті натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты; қабықтың құрамы: опадрай ақ**, опадрай сары***,опадрай қызғылт **** құрамы** гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/макрогол ***поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/макрогол, тальк, ванилин, хинолинді сары алюминий лагы (Е104) **** гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль/макрогол, триацетин, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172)
Қолданылуы
АӨФ тежегіштері мен диуретиктерге, сондай-ақ жүрек гликозидтеріне қосымша сол жақ қарыншаның систолалық функциясы төмендеген тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде (егер олар қажет болса)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе венаішілік инотропты емді талап ететін декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі кардиогендік шок II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторсыз) синусты түйін әлсіздігі синдромы синоатриальді блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия бронхтың ауыр демікпесі шеткері артерияларды облитерациялайтын аурулардың ауыр түрлері немесе Рейно синдромының ауыр түрі емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
Дозасы
Титрлеу фазасы Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеу міндетті түрде титрлеу фазасын жүргізуді талап етеді. Бисопрололмен емдеуді төменде көрсетілген адымдарға сәйкес дозаны біртіндеп арттырудан бастаған жөн: 1 апта ішінде тәулігіне бір рет 1,25 мг, жақсы жағымдылық жағдайында келесі аптада тәулігіне бір рет 2,5 мг-ге дейін ұлғайту, жақсы жағымдылық жағдайында келесі аптада тәулігіне бір рет 3,75 мг-ге дейін ұлғайту, жақсы жағымдылық жағдайында келесі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 5 мг-ге дейін ұлғайту, жақсы жағымдылық жағдайында келесі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 7,5 мг-ге дейін ұлғайту, жақсы жағымдылық жағдайында демеуші ем ретінде тәулігіне бір рет 10 мг-ге дейін ұлғайту. Ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Титрлеу кезеңінде өмірлік қызметке қажетті көрсеткіштерді (жүректің жиырылу жиілігі, артериялық қысым) және жүрек жеткіліксіздігінің үдеу симптомдарын мұқият бақылау қажет. Симптомдар ем басталғаннан кейінгі бірінші күні пайда болуы мүмкін. Емдеуді түзету Ең жоғары ұсынылған дозаның жағымдылығы нашар болған жағдайда дозаны біртіндеп төмендетуді қарастыру керек. Жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия ағымының уақытша нашарлауы жағдайында қатарлас ем препараттарының дозаларын қайта қарау ұсынылады. Сондай-ақ бисопролол дозасын уақытша төмендету немесе оны тоқтату қажет болуы мүмкін. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін бисопрололдың дозасын оны арттыра отырып, қайта тағайындау және/немесе титрлеу мүмкіндігін әрқашан қарастырған жөн. Қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде дозаны біртіндеп төмендету ұсынылады, өйткені күрт тоқтату пациенттің жағдайының жедел бұзылуына әкелуі мүмкін. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеу әдетте ұзақ сипатта болады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бауыр немесе бүйрек функциясының қатар жүретін бұзылуымен бірге созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бисопролол фармакокинетикасына қатысты ақпарат жоқ. Осыған байланысты пациенттердің осы топтарындағы дозаны арттыру қосымша сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Балалар Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларда қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Бисопролол препаратын шайнамай, таңертең таңғы ас кезінде, аз мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.