+44 бонус

БИСОПРОЛОЛ 2,5 мг №30 таб Вива фарм

885 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Вива Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 2.5 мг бисопролол фумараты, қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза (102), желатинделген крахмал, кросповидон, аэросил, магний стеараты, үлбірлі қабығы, ақ (дайын қоспасы): ГПМЦ/гипромеллоза 5 mPas, ГПМЦ/гипромеллоза 15 mPas, макрогол/ПЭГ 4000, макрогол/ПЭГ 6000, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
сол жақ қарынша систолалық функциясының төмендеуімен тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін (СЖЖ) емдеу, ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштері (АӨФт) мен диуретиктерге және мүмкін болса, жүрек гликозидтеріне қосымша ретінде
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел жүрек жеткіліксіздігін немесе вена ішіне инотропты ем жүргізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация эпизодтары кезінде кардиогенді шок атриовентрикулярлы блокаданың ІІ-ІІІ дәрежесі синустық түйіннің әлсіздік синдромы синоатриальді блокада симптоматикалық брадикардия симптоматикалық артериялық гипотензия бронх демікпесінің ауыр түрлері шеткергі артериялардың облитерациялайтын ауруларының ауыр түрі немесе Рейно синдромының ауыр түрі емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз 18 жасқа дейінгі балалар (осы жас тобындағыларда тиімділік пен қауіпсіздік туралы жеткілікті мәліметтер жоқ)
Дозасы
Емдеуді аз дозадан бастау керек, содан кейін олар біртіндеп көбейе бастайды. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігі мен емдік әсерін ескере отырып, жеке таңдалуы керек. СЖЖ емдеудің стандартты сызбасы АӨФт (немесе АӨФт жақпаушылық жағдайында ангиотензин II рецепторларының антагонистерін), β-адренблокаторларды, диуретиктерді және қажет болған жағдайда жүрек гликозидтерін қолдануды қамтиды. Бисопрололмен емдеудің басында пациенттер тұрақты күйде (жедел жүрек жеткіліксіздігінсіз) болуы тиіс. Емдеуші дәрігердің СЖЖ бар пациенттерді емдеу тәжірибесі болғаны жөн. Титрлеу кезеңінде немесе одан кейін жүрек жеткіліксіздігінің уақытша нашарлауы, артериялық гипотензия немесе брадикардия пайда болуы мүмкін. Дозалары Титрлеу фазасы СЖЖ бисопрололмен емдеу міндетті түрде титрлеу фазасын жүргізуді талап етеді. Бисопрололмен емдеуді ұсынылған сызбаға сәйкес дозаны біртіндеп арттырудан бастаған жөн: 1.25 мг тәулігіне бір рет 1 апта бойы, жақсы көтерімділік жағдайында ұлғайтуға болады 2.5 мг тәулігіне бір рет 1 апта бойы, жақсы көтерімділік жағдайында ұлғайтуға болады 3.75 мг тәулігіне бір рет 1 апта бойы, жақсы көтерімділік жағдайында ұлғайтуға болады 5 мг тәулігіне бір рет келесі 4 апта бойы, жақсы көтерімділік жағдайында ұлғайтуға болады 7.5 мг тәулігіне бір рет келесі 4 апта бойы, жақсы көтерімділік жағдайында ұлғайтуға болады 10 мг тәулігіне бір рет демеуші доза ретінде Препараттың ең жоғары ұсынылған дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Титрлеу кезеңінде өмірлік белсенділік көрсеткіштерін (жүрек жиырылу жиілігі, артериялық қысымы) және жүрек жеткіліксіздігінің даму симптомдарын мұқият бақылау қажет. Симптомдар ем басталғаннан кейінгі бірінші күні пайда болуы мүмкін. Емдеуді түзету Ең жоғары ұсынылған дозаға төзімділігі нашар болған жағдайда дозаны біртіндеп төмендетуді қарастыру керек. Жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия ағымының уақытша нашарлауы жағдайында ілеспе ем препараттарының дозаларын қайта қарау ұсынылады. Сондай-ақ бисопролол дозасын уақытша төмендету немесе оны жою қажет болуы мүмкін. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін бисопрололдың дозасын оны арттыра отырып, қайта тағайындау және/немесе титрлеу мүмкіндігін әрқашан қарастырған жөн. Препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде дозаны біртіндеп төмендету ұсынылады, өйткені күрт тоқтату пациенттің жағдайының жедел нашарлауына әкелуі мүмкін. Әдетте СЖЖ бисопрололмен емдеу ұзаққа созылады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған СЖЖ бар және бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бисопрололдың фармакокинетикасы туралы ақпарат жоқ. Сондықтан мұндай популяциялардағы дозаны арттыруды аса сақтықпен жүргізу керек. Гемодиализдегі пациенттерде бисопрололды қолдану тәжірибесі шектеулі, бірақ дозалау режимін өзгерту қажеттілігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы адамдар Дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Бисопролол Вива Фарм препаратын ас ішуге қарамастан, таңертең тәулігіне бір рет қабылдау керек. Таблеткаларды аздаған мөлшердегі сұйықтықпен шайнамай жұту керек. Емдеу ұзақтығы Әдетте СЖЖ бисопрололмен емдеу ұзаққа созылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.