+30 бонус

БИСЕПТРИМ 480мг №20

600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сульфаметоксазол и триметоприм
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ХИМФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: сульфаметоксазол 400.0 мг триметоприм 80.0 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты
Қолданылуы
Pneumocystis jiroveci пневмониясын (бұрын пневмоцисттік пневмония ретінде белгілі) емдеу және оның профилактикасы токсоплазмозды емдеу және оның профилактикасы нокардиозды емдеу Бисептримге микроорганизмдердің сезімталдығы туралы деректер болса және бактерияға қарсы басқа емнен Cульфаметоксазол/Триметоприм біріктірілімін таңдауға маңызды себептер болған кезде: несеп шығару жолдарының асқынбаған жедел инфекциясын емдеуде ортаңғы құлақтың жедел отитін емдеуде жедел бронхитті немесе созылмалы бронхит өршулерін емдеуде көрсетілген
Қарсы көрсетілімдер
сульфаниламидтерге, триметопримге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі қан түзу жүйесінің ауыр аурулары (аплазиялық анемия, В12 тапшылықты анемия, лейкопения, агранулоцитоз), порфирия β-гемолиздік стрептококк туғызған тонзиллитті емдеу 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек. Жедел инфекцияларда дозалануы туралы стандартты нұсқаулар Ересектер мен 12 жастан үлкен балалар: Әр 12 сағат сайын 2 таблеткадан. Бұл доза тәулігіне килограмм дене салмағына шамамен 6 мг триметоприм мен 30 мг сульфаметоксазолға тең. Емдеу клиникалық симптомдар басылған соң екі күн бойы жалғасуы тиіс. Емдеу ұзақтығы кемінде 5 күнді құрайды. 7 күн емделуден соң оң клиникалық әсері болмаса, пациентті емдеуді қайта қарау керек. Төменгі несеп жолдарының асқынбаған жедел инфекциялары үшін 1-ден 3 күнге дейін созылатын қысқа мерзімді ем тиімді. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Айрықша нұсқаулары болмаса препараттың стандартты дозаларын қабылдау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге арналған дозалары туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі > 30 мл/мин пациенттерге стандартты дозаны қолдану керек. Креатинин клиренсі 15-30 мл/мин пациенттерге дозаны екі есе азайту керек. Креатинин клиренсі 15 мл/минуттан аз болса, Бисептрим қолдану ұсынылмайды. Препаратты тағайындаудан кейін әр 12 сағат сайынғы пациент үлгілерінде емделудің 2-3 күні қандағы сульфаметоксазол концентрациясын өлшеу ұсынылады. Егер концентрация 150 мкг/мл-ден артық болса, оның деңгейі 120 мкг/мл дейін төмендегенше емдеуді тоқтата тұру қажет. Pneumocystis jiroveci немесе PCP (бұрын пневмоцисттік пневмония ретінде белгілі) емі Жоғары дозалары 2 апта бойы 2 және одан көп рет қабылдауға күніне 100 мг сульфаметоксазол/20 мг тритоприм/кг ұсынылады. Триметоприм концентрациясының > 5 мкг/мл жоғары шегіне жету қажет (Ко-тримоксазол венаішілік инфузиясын 1 сағат бойы алатын пациенттерде верификацияланған). Pneumocystis jiroveci/PCP (бұрын пневмоцисттік пневмония ретінде белгілі) профилактикасы Ересектер 7 күн бойы күнделікті 160 мг триметоприм/800 мг сульфаметоксазол. Аптасына үш рет 160 мг триметоприм/800 мг сульфаметоксазол. Аптасына үш рет, күніне екі рет 320 мг триметоприм/1600 мг сульфаметоксазол. Балалар Ең зор қауіп кезеңіндегі жедел инфекцияларда ұсынуға болатын стандартты дозалар: • стандартты доза күніне 2 рет күнделікті апта бойына тағайындалады (7 күн) • стандартты доза күніне 2 рет аптасына үш ретке тағайындалады (аптаның кез келген күндері) • стандартты доза күніне 2 рет аптасына үш ретке тағайындалады (аптаның белгілі бір күндері) • стандартты доза күніне 1 рет аптасына үш ретке тағайындалады (аптаның белгілі бір күндері) Тәуліктік доза шамамен 150 мг триметоприм/м2/тәулік және 750 мг сульфаметоксазол/м2/тәулік құрайды. Жалпы тәуліктік дозасы 320 мг триметоприм мен 1600 мг сульфаметоксазолдан аспауы тиіс. Нокардиозды емдеу Ересектерге 3 ай бойы күніне 6-дан 8 таблеткаға дейін ұсынылады. Токсоплазмозды емдеу және профилактикасы Доза аурудың клиникалық көріністеріне байланысты. Профилактика үшін Pneumocystis jiroveci  пневмониясының профилактикасы кезіндегідей доза пайдаланылады. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Препарат асқазан-ішек жолы тарапынан болуы мүмкін жағымсыз құбылыстарды азайту үшін аздаған мөлшерде тамақ және сұйықтық ішумен ішке қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.