+94 бонус

БИСЕПТОЛ 960 мг №10 таб

1880 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сульфаметоксазол и триметоприм
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Adamed Pharma S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: триметоприм – 160 мг, сульфаметаксазол - 800 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, натрий крахмал гликоляты (А типті), поливинил спирті.
Қолданылуы
Бисептол препаратын пайда-қауіп арақатынасын қарастырғаннан, эпидемиологиялық деректерді және бактериялардың төзімділігін тексергеннен кейін пайдалануға болады. Емдік көрсеткіштер Ко-тримоксазол микробтарына сезімталдардан туындаған инфекциялармен шектеледі. Препаратты емдеу туралы шешім қабылдаған кезде бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру қажет. Бисептолды инфекцияларды емдеу немесе профилактика үшін, олар ко-тримоксазолға сезімтал бактериялардан немесе басқа микроорганизмдерден туындағаны расталған немесе негізделген күдік болған жағдайларда ғана пайдалану керек. Мұндай деректер болмаған жағдайда дұрыс антибиотикалық емді эмпирикалық таңдау процесіне микробтардың жергілікті эпидемиологиялық және дәріге сезімтал факторлары енгізілуі керек. Бисептол ересектерге және 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. тыныс жолдарының инфекциясы созылмалы бронхиттың өршуі, отит асқазан-ішек инфекциясы, оның ішінде іш сүзегі және саяхатшылар диареясы ересектер мен жасөспірімдерде Pneumocystis jirovecii туындаған пневмонияны емдеуде және профилактикасында, әсіресе иммунитеттері әлсіреген адамдарда несеп шығару жүйесінің инфекциясы және жұмсақ шанкр
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының қандай да біреуіне жоғары сезімталдық. Егер пациентте келесілер анықталса, дәрілік затты қолдануға болмайды: - бауыр паренхимасының ауыр зақымданулары, гипербилирубинемия (балаларда) - бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бұл жағдайда дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясын анықтау мүмкін емес немесе креатинин клиренсі < 15 мл/мин бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге - қан аурулары (аплазиялық анемия, В12 тапшылығымен анемия, агранулоцитоз, лейкопения) - дофетилидпен бір мезгілде қабылдау - глюкоза-6-фосфаттық дегидрогеназа жетіспеушілігі (гемолиз пайда болуы ықтимал)
Дозасы
6 жасқа дейінгі балаларға: аспирация қаупіне байланысты таблеткаларды пайдалану ұсынылмайды; 6 жасқа толмаған балалар үшін суспензия түріндегі препараттар бар. Бүйрек функциясы қалыпты ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге Бисептол таблеткасы 1 таблеткадан әр 12 сағат сайын енгізіледі. Ауыр инфекцияларда әр 12 сағат сайын Бисептол дозасы 1,5 таблеткаға ұлғайтылуы мүмкін. Ересектер мен жасөспірімдердегі (12 жастан асқан) несеп шығару жолдарының инфекциялары, асқазан-ішек инфекциялары және созылмалы бронхиттің өршуі кезінде: әдетте, 960 мг ко-тримоксазол (Бисептол 120 препаратының 8 таблеткасы немесе Бисептол 480 препаратының 2 таблеткасы) күніне екі рет ішу арқылы қабылданады; несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде препарат, әдетте, 10-14 күн бойы, жедел созылмалы бронхит кезінде – 14 күн бойы, асқазан-ішек жолының инфекциясы кезінде – 5 күн бойы қолданылады. Балалардағы несеп шығару жолдарының инфекциялары, асқазан-ішек инфекциялары және ортаңғы отит кезінде: әдетте, әр 12 сағат сайынғы 2 дозасымен кг дене салмағына тәулігіне 6 мг триметоприм мен 30 мг сульфаметоксазол енгізіледі. 6-12 жас шамасындағы балаларға арналған орташа дозасы әр 12 сағат сайын 480 мг ко-тримоксазолды құрайды. Ересектер үшін ұсынылған дозасын арттырмау керек. Несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде және жедел ортаңғы отит кезінде препарат, әдетте, 10 күн бойы, асқазан-ішек инфекциялары жағдайында – 5 күн бойы қолданылады. Ересектер мен балалардағы Pneumocystis jirovecii-ден туындаған пневмония: Инфекциялар расталған жағдайда, кг дене салмағына ұсынылатын дозасы 21 күн бойы әр 6 сағат сайынғы дозаларына бөлінген 90-120 мг ко-тримоксазолды құрайды. 1 кесте. Бисептолдың Pneumocystis jirovecii-ден туындаған пневмониясы бар пациенттердің дене салмағына байланысты ең жоғарғы дозалары.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.