+6400 бонус

БИОВЕН МОНО 50 мл 1 фл 5% Иммуноглобулин G

128000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуноглобулины, человеческий нормальный для внутрисосудистого введения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО "БИОФАРМА ПЛАЗМА"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат -  адамның қалыпты иммуноглобулині 0.05 г, қосымша заттар: глицин 0.0154 г, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) орын басу емінде - антиденелер өндірілуінің бұзылуымен байқалатын бастапқы иммундық тапшылық (БИТ) синдромында - микробқа қарсы тиімсіз емнен кейін және спецификалық антиденелердің дәлелденген жеткіліксіздігімен (САДЖ)* немесе IgG сарысулық деңгейі < 4 г/л ауыр немесе қайталанатын инфекциялары бар пациенттердегі салдарлық иммундық тапшылықта (СИТ). *САДЖ = пневмококктық полисахарид пен полипептидті антигенге қарсы вакциналарға IgG антиденелері титрінің кемінде екі есе артуын қамтамасыз ете алмау. Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) иммуномодуляциялайтын емінде - бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпурада (ИТП), қан кету қаупі жоғары пациенттерде немесе жасалатын операция алдында тромбоциттер санын түзету үшін - Гийен-Барре синдромында - Кавасаки ауруында (ацетилсалицил қышқылымен бірге) - созылмалы қабынбалы демиелинизациялайтын полирадикулонейропатияда (СҚДП) - мультифокальді моторлық нейропатияда (ММН)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гомологиялық иммуноглобулиндерге аса жоғары сезімталдық, әсіресе, өте сирек жағдайларда пациентте IgA антиденелері болған кездегі IgA тапшылығы. Анамнезінде адам қанының ақуыз препараттарын енгізуге ауыр аллергиялық реакциялары бар тұлғаларға иммуноглобулин енгізу қарсы көрсетілімді. Аллергиялық аурулардан зардап шегетін немесе аллергиялық реакцияларға бейімі бар пациенттерге иммуноглобулин енгізгенде және одан кейін 8 тәулік антигистаминдік дәрілер ұсынылады. Иммунопатологиялық жүйелі аурулардан (қанның иммундық аурулары, коллагеноз, нефрит) зардап шегетін  тұлғаларға препаратты тиісті маманмен кеңесуден кейін тағайындау керек. Аллергиялық процестің өршу кезеңінде препарат енгізу өмірлік көрсетілімдер бойынша аллерголог қорытындысынан кейін жүргізіледі.
Дозасы
Доза және дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты. Клиникалық жауапқа байланысты әрбір пациент үшін жеке доза қажет болуы мүмкін. Дене салмағына байланысты доза дене салмағы жеткіліксіз немесе артық пациенттерде түзетуді талап етуі мүмкін. Артық дене салмағы бар пациенттерде доза дене салмағының физиологиялық стандартына негізделуі тиіс. Ұсыным ретінде препаратты келесі дозаларда қолдануға болады: Бастапқы иммундық тапшылық синдромы кезіндегі орын басу емі Бастапқы иммундық тапшылық кезіндегі орын басу емінің мақсаты плазмадағы IgG деңгейін кемінде 6 г/л немесе пациенттердің осы тобындағы қалып ауқымы шегінде қамтамасыз ету болып табылады (анықтауды әрбір келесі инфузия алдында жүргізу керек). Тепе-тең күйді анықтау үшін 3-тен 6 айға дейін қажет болады. Ұсынылатын бастапқы доза бір рет тағайындалатын 0,4–0,8 г/кг, содан кейін әрбір үш-төрт апта сайын тағайындалатын кемінде 0,2 г/кг дозаны құрайды. Ең төмен 6 г/л деңгейіне жетуге қажетті доза айына 0,2-0,8 г/кг құрайды. Тұрақты деңгейіне жеткенде енгізу арасындағы аралық 3-4 аптаны құрайды. IgG ең төмен деңгейін инфекциялардың туындау жиілігіне байланысты саралау және бағалау қажет. Инфекциялардың даму жиілігін төмендету үшін дозасын арттыру және ең төмен жоғарырақ деңгейі қажет болуы мүмкін. Салдарлық иммундық тапшылықтар Ұсынылатын доза әр 3-4 апта сайын 0,2-0,4 г/кг құрайды. IgG ең төмен деңгейін инфекциялардың туындау жиілігіне байланысты саралау және бағалау қажет. Инфекциялардан оңтайлы қорғауға қол жеткізу үшін дозаны қажеттілігіне қарай түзету, персистерлейтін инфекциясы бар пациенттерге дозаны арттыру талап етілуі мүмкін; инфекциялық статусы жоқ пациенттерде дозаны азайтуды қарастыру керек. Бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) Екі баламалы емдеу сызбасы бар: • Бірінші күні 0,8 - 1 г/кг, қажет болған жағдайда – осы дозаны 3 күн ішінде бір рет қайталап енгізу. • 2-5 күн ішінде 0,4 г/кг. Ауру қайталанған жағдайда емдеу қайталануы мүмкін. Гийен-Барре синдромы 5 күн ішінде күніне 0,4 г/кг (емдеу қайталанған жағдайда қайталануы мүмкін). Кавасаки ауруы Бір реттік доза түрінде 2,0 г/кг. Пациенттерге ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау керек. Созылмалы қабынбалы демиелинизациялайтын полирадикулонейропатия (СҚДП) Бастапқы доза: дене салмағының 2 г/кг 2-5 күн ішінде бөлінген дозалармен енгізіледі. Демеуші доза: әр 3 апта сайын 1-2 күн ішінде 1 г/кг. Емнің тиімділігін әрбір циклден кейін бағалау керек; емнің 6 айынан кейін әсері болмаған кезде емдеуді тоқтату керек. Тиімділік жағдайында ұзақ мерзімді емдеу пациенттің реакциясы мен демеуші емге жауап негізінде дәрігердің қалауы бойынша жүргізіледі. Дозалар мен қабылдау жиілігі аурудың жеке ағымына сәйкес бейімделуі мүмкін. Мультифокальді моторлық нейропатия (ММН) Бастапқы доза: қатарынан 2-5 күн бойы кг дене салмағына шаққанда 2 г. Демеуші доза: әр 2-4 апта сайын 1 г/кг немесе әр 4-8 апта сайын 2 г/кг. Емнің тиімділігін әрбір циклден кейін бағалау керек; емнің 6 айынан кейін әсері болмаған кезде емдеуді тоқтату керек. Тиімділік жағдайында ұзақ мерзімді емдеу пациенттің реакциясы мен демеуші емге жауап негізінде дәрігердің қалауы бойынша жүргізіледі. Дозалар мен қабылдау жиілігі аурудың жеке ағымына сәйкес бейімделуі мүмкін. Дозалау бойынша нұсқаулар келесі кестеде берілген:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.