БИОВЕН 50 мл 1 фл 10% Иммуноглобулин G

9:00-ден кейін қолжетімді
10770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуноглобулины, человеческий нормальный для внутрисосудистого введения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО"БИОФАРМА ПЛАЗМА"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында Белсенді зат - адамның қалыпты иммуноглобулині 0.1 г, Қосымша заттар: глицин, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде орын басу емі - антиденелер өндірілуінің бұзылуымен бастапқы иммун тапшылығы синдромы - созылмалы лимфалық лейкемиясы бар пациенттердегі гипогаммаглобулинемия және қайталамалы бактериялық инфекцияларда, антибиотиктермен профилактикалық емдеу нәтиже бермегенде - пневмококктарға қарсы иммунизацияға жауап бермейтін, плато сатысындағы миелома ауруы бар пациенттердегі  гипогаммаглобулинемия және қайталамалы бактериялық инфекциялар - гемопоэздік дің жасушаларының аллогенді трансплантациясы (ГДЖТ) жасалған пациенттердегі гипогаммаглобулинемия - қайталамалы бактериялық инфекциялармен бірге туа біткен ЖИТС Ересектерде иммундық модуляциялау емі - бастапқы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурада (ИТП), қан кету қаупі жоғары пациенттерде жасалатын операция алдында тромбоциттер санын түзету үшін - Гийен-Барре синдромы - Кавасаки ауруы - созылмалы қабынбалы демиелинизациялайтын полинейропатия (СҚДП). COVID-19/SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясынан туындаған ауыр пневмониясы бар ересек пациенттерді кешенді емдеу құрамында қолдану
Қарсы көрсетілімдер
Препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Гомологиялық иммуноглобулиндерге аса жоғары сезімталдық, әсіресе өте сирек жағдайда IgA тапшылығының, пациентте IgA антиденелері болған кезде. Иммуноглобулинді енгізу адам қанының ақуыз препараттарын енгізуге анамнезінде ауыр аллергиялық реакциялары бар адамдарға қарсы көрсетілімді. Аллергиялық ауруларға шалдыққан немесе аллергиялық реакцияларға бейім адамдарға иммуноглобулин енгізу кезінде және келесі 8 тәулікте антигистаминді дәрілер ұсынылады. Иммунопатологиялық жүйелік аурулардан (қанның иммундық аурулары, коллагеноз, нефрит) зардап шегетін адамдарға препаратты тиісті маманмен кеңесуден кейін тағайындау керек. Аллергиялық процестің өршуі кезінде препаратты өмірлік көрсеткіштері бойынша аллергологтың қорытындысынан кейін енгізу керек.
Дозасы
Орын басу емі иммундық тапшылықты емдеу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Доза және дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты. Орын басу емінде, фармакокинетикалық көрсеткіштерді және қол жеткізілген клиникалық әсерін ескере отырып, дозасы әр пациент үшін әркімге жеке таңдалуы тиіс. Бастапқы иммундық тапшылық  синдромы кезіндегі орын басу емі: Бастапқы иммундық тапшылық синдромы кезіндегі орын басу терапиясы: Бастапқы иммундық тапшылықтар тұсындағы орын басу емінің мақсаты плазмадағы IgG кем дегенде 5-6 г/л деңгейін қамтамасыз ету болып табылады (әр келесі инфузияның алдында анықтау жүргізген жөн). Тепе-тең күйді анықтау үшін 3-тен 6 айға дейін қажет болады. Ұсынылатын бастапқы доза 0,4-0,8 г/кг құрап, соңынан әр 3-4 апта сайын 0,2 г/кг енгізуге ұласады. Ең төмен 5-6 г/л деңгейіне жетуге қажетті доза айына 0,2-0,8 г/кг құрайды. Тұрақты деңгейіне жеткенде енгізулер арасындағы аралық 3-4 аптаны құрайды. Ең төмен деңгейін инфекциялардың туындау жиілігіне байланысты өлшеу және бағалау қажет. Инфекциялардың даму жиілігін төмендету үшін дозасын арттыру және ең төмен жоғарырақ деңгейі қажет болуы мүмкін. Созылмалы лимфалық лейкемиясы бар пациенттердегі гипогаммаглобулинемия және қайталамалы бактериялық инфекциялар, антибиотиктермен профилактикалық емдеу нәтиже бермегенде; пневмококктарға қарсы иммунизацияға жауап бермейтін плато сатысындағы миелома ауруы бар пациенттердегі гипогаммаглобулинемия және қайталамалы бактериялық инфекциялар; қайталамалы бактериялық инфекциялармен туа біткен ЖИТС: Ұсынылатын доза әр 3-4 апта сайын 0,2-0,4 г/кг құрайды. Гемопоэздік дің жасушаларының аллогенді трансплантациясы (ГДЖТ) жасалған пациенттердегі гипогаммаглобулинемия: Ұсынылатын доза әр 3-4 апта сайын 0,2-0,4 г/кг құрайды. 5 г/л-ден жоғары ең жоғары деңгейін сақтау керек. Бастапқы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП): Екі баламалы емдеу сызбасы ұсынылады: күніне 1 рет 0,8-1 г/кг, қажет болған жағдайда – 3-ші күні қайталап енгізу 2-5 тәулік ішінде 0,4 г/кг. Емдеуді көрініс қайталанған жағдайда да қайталауға болады. Гийен-Барре синдромы: күніне 0,4 г/кг 5 тәулік бойы. Кавасаки ауруы: 2-5 тәулікке бөлінген дозалармен 1,6-2,0 г/кг немесе 2,0 г/кг дозамен енгізеді. Пациенттерге ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау керек. Созылмалы қабынбалы демиелинизациялайтын полинейропатия (СҚДП): 2 г (20 мл)/кг) бірдей бөліктерге бөлінеді және әр 4 апта қатарынан 5 күнге дейін бастапқы доза ретінде енгізіледі. Демеуші доза (доза және дозалау аралықтары) әрбір жекелеген клиникалық жағдайға қарай таңдалуы тиіс. Егер алғашқы 3 ай ішінде жақсару байқалмаған жағдайда емдеуді тоқтату керек. COVID-19/SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясынан туындаған ауыр пневмониясы бар ересек пациенттерді кешенді емдеу құрамында қолдану Ұсынылатын доза 2 тәулік ішінде тәулігіне дене салмағына шаққанда 0,8-1,0 г/кг (курстық доза дене салмағына 1,6-2,0 г/кг) құрайды. Инъекция жиілігін және енгізу жылдамдығын пациенттің жағдайына байланысты дәрігер анықтайды. Тәуліктік доза инфузиялық емнің ең жоғары рұқсат етілген тәуліктік көлемінен аспау себептері бойынша түзетілуі мүмкін. Қанның ұю жүйесі мен диурездің жағдайын, әсіресе артық салмақпен ауыратын пациенттерде бақылау міндетті болып табылады. Дозалау бойынша ұсынымдар келесі кестеде берілген:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.