+157 бонус

БИФРЕН 250 мг №20 капс

3150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенибут
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фарма Старт ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсула құрамында белсенді зат – 250 мг фенибут, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Астениялық және үрейлік-невроздық жағдайлар: мазасыздық, қорқыныш, үрей; егде жастағы пациенттерде – ұйқысыздық, түнгі мазасыздық; операция алдындағы стресс профилактикасы үшін; Меньер ауруында және шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатордың дисфункциясымен байланысты бас айналуы; - Кинетоздар профилактикасы (жүрек айнуы, құсу – тән симптомдармен, енжарлықпен және қайық немесе ұшақ сияқты қозғалмалы көлікте болумен байланысты вестибулярлық дисфункциямен вестибулярлық аппараттың спецификалық бұзылуы); - 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалардағы кекештену және тартылу; - Алкоголизм кезінде абстинентті синдромды емдеу кезіндегі қосымша дәрі ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
Дозасы
Ересектер Ересектерде астениялық және үрейлік-невроздық жай-күй кезінде: тәулігіне 3 рет 250-500 мг-ден тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза: ересектер үшін - 750 мг. Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 4-6 аптаға дейін ұзартауға болады. Алкогольдік абстинентті синдромды басу үшін Бифренді емдеудің алғашқы күндері күніне 3 рет 250-500 мг-ден және түнге 750 мг-ден тағайындап, ересектер үшін тәуліктік дозаны әдеттегі дозаға дейін біртіндеп төмендетеді. Меньер ауруында және шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатор функциясының бұзылуымен байланысты бас айналуы Вестибулярлық аппаратының генезі инфекциялық дисфункциясы кезінде және өршу кезеңіндегі Меньер ауруында: Бифренді 5-7 күн бойы тәулігіне 3 рет 750 мг тағайындайды, вестибулярлық бұзылыстардың айқындылығы төмендегенде емдеуді 5-7 күн бойы тәулігіне 3 рет 250-500 мг дозада, содан кейін 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг – ден жалғастыру керек. Ауру ағымы біршама жеңіл болғанда Бифренді 5-7 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг-ден, ал содан кейін 7-10 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг-ден қабылдайды. Шығу тегі қантамырлық және жарақаттық вестибулярлық аппарат дисфункциясында бас айналуды жою үшін: Бифренді 12 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг-ден тағайындайды. Тербелу профилактикасы үшін: болжамды тербелу басталғанға дейін бір сағат бұрын немесе алғашқы симптомдар пайда болған кезде 250-500 мг дозада бір рет тағайындайды. Айқын көріністер болғанда (мысалы, құсу), препаратты тағайындаудың тиімділігі аз. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Ересектерде астениялық және үрейлік-невроздық жай-күй кезінде, ең жоғары бір реттік доза: егде жастағы пациенттер үшін - 500 мг. Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 4-6 аптаға дейін ұзартауға болады. 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар - тәулігіне 2-3 рет 250 мг; емдеу ұзақтығы 2-ден 6 аптаға дейінгі мерзімді құрайды. Дәрілік зат 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бифрен препаратының жоғары дозалары бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде гепатоуыттылықты туындатуы мүмкін. Осы топтағы пациенттерге аз тиімді дозалар тағайындалады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Емдік дозаларды қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Бифрен препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ. Осы дәрілік затты қолдану кезінде дәрілік тәуелділіктің, тоқтату синдромының дамуы байқалмады. Әдебиеттерде фенибутпен емнен туындаған төзімділіктің бірлі-жарым жағдайлары туралы басылымдар бар.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.