+33 бонус

БИФИДУМБАКТЕРИН 5 доз №10 фл

665 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противодиарейные микроорганизмы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ЗАО Экополис
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір дозаның құрамында: белсенді зат – тірі бифидобактериялар 107 КТБ кем емес, қосымша заттар: лактулоза, сахароза, желатин, құрғақ майсыздандырылған сүт.
Қолданылуы
- шығу тегі әр түрлі ішек функциясының ұзақ бұзылуында - ішектің жедел инфекцияларында кешенді ем құрамында - антибиотиктерді немесе ауыр токсикоз, экстрагенитальді ауруларды өткерген, ұзақ сусыз кезеңі немесе басқа патологиясы болған аналардан; лактостазасы, емшек ұшының сызаттары болған және маститтен кейін емшек емізуді қайта бастаған аналардан емшек сүтін қабылдайтын ауыр преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған балаларда ішек функциясының бұзылуы және дисбактериозында - анемия, гипотрофия, рахит, аллергия, көкжөтелі бар әлсіреген балаларда кешенді ем құрамында - емшек еметін нәрестелерді жасанды тамақтандыруға ерте көшірген кезде ішек функциясының бұзылуында - дисбактериоз аясындағы жуан және жіңішке ішек жедел және созылмалы қабыну ауруларында (колит, энтероколит) - антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеуден, гормондармен, сәулемен емдеуден кейінгі ішек дисбактериозында - "қауіп" тобына жататын (емшегінің ұшы шықпаған немесе ұшы жайпақ әйелдер, емшек ұшы эрекциясының төмендеуі, сызаттар болуы) бала емізетін аналарда маститтің профилактикасы - әйелдердің жыныстық сферасының қабыну ауруларында (бактериялық кольпит, гормондардан болған сенильді кольпит) - жүкті әйелдерде қынап секреті тазалығының III-IV дәрежеге дейін бұзылуында
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; - тұқым қуалайтын лактоза, сахароза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі синдромы бар пациенттер.
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Ішек аурулары кезінде балаларға: өмірінің алғашқы жарты жылында - күніне 2 рет қабылдауға 5 дозадан; ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 10 доза; екінші жарты жылында және одан үлкен кезде - 5 дозадан күніне 3 рет, ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 15 доза. Ауырлаған преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерге препаратты перзентханада өмірінің алғашқы тәулігінен бастап, шыққанға дейін қабылдауына 2,5 дозадан күніне 2 рет қолданудан бастаған жөн. Ересектердегі жіңішке және жуан ішектің жедел және созылмалы қабыну ауруларында 5 дозадан күніне 2-3 рет қабылдау ұсынылады. Ішек ауруларында бифидумбактеринмен емдеу курсының ұзақтығы клиникалық көріністердің ауырлығымен, науқастың жасымен анықталады және 2-ден 4 аптаға дейінді, жекелеген жағдайларда 3 айға дейінді құрайды. Қажет болғанда бифидумбактеринмен емдеу курсын қайталауға болады. Алдын алу мақсатында 5 дозадан күніне 1-2 рет 1-2 апта бойы тағайындайды. Жаңа босанған әйелдердің емшек ұшы мен оның айналасын өңдеу: ерітілген препаратты (5 доза) 2 стерильді тампонға сіңдіреді де, оны бала емізер алдында 20-30 минутқа сүт бездеріне қояды. Емдеу курсы 5 күн. Әйелдерде гениталийдің қабыну ауруларында және жүкті әйелдердің босанар алдындағы даярлығында бифидумбактеринді қынап секретінің микробиологиялық тазалығы I-II дәрежеге дейін қалпына келгенін және қабынудың клиникалық симптомдары жойылғанын бақылай отырып, 5-10 дозадан күніне 1 рет 5-8 күнге тағайындайды. Препарат сіңірілген стерильді тампонды қынапқа енгізіп, 2-3 сағатқа қалдырады. Бифидумбактеринді ішек аурулары кезінде ішке, ал акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде қынап ішіне қолданады. Құтының ішіндегісін қайнаған бөлме температурасындағы сумен препараттың 1 дозасына 5 мл су (шай қасық) есебінен ерітеді. Еріту былайша жүргізіледі: стақанға судың қажетті мөлшерін (құтыда көрсетілген доза мөлшеріне сәйкес) құяды; қақпақшасы мен тығынын алып тастап, құтыны ашады; стақандағы судың азғантай мөлшерін құтыға құяды; ерігеннен кейін (препарат 5 минутқа дейін мөлдір емес біркелкі қоспа түзе отырып ериді) құтының ішіндегісін қайтадан сол стақанға құйып араластырады. Ерітілген препараттың бір шай қасығы 1 дозаны құрайды. Ерітілген препаратты сақтауға болмайды. Дозаның қажетті мөлшерін тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын қабылдайды. Препаратты емшектегі балаларға тікелей емізер алдында беруге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.