+32 бонус

БИЦИЛЛИН-5 1500000 ЕД №1 фл

645 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пенициллины, чувствительные к бета-лактамазам, в комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде, ӘБ: белсенді заттар: бензатин бензилпенициллині – 1 200 000, бензилпенициллиннің новокаин тұзы - 300 000; қосымша заттар: препараттың құрамында қосымша заттар жоқ.
Қолданылуы
Препарат ересектерде, балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналған. Келесілерді емдеу үшін: тілмелі қабыну ерте сатыдағы мерез (бастапқы және салдарлы) жасырын мерез (нейромерезден және ликворда патологиялық қосылыстардың болуынан басқасында) фрамбезия пинта Профилактика үшін: ревматизмдік қызба (хорея, ревматизмдік кардит) стрептококктан кейінгі гломерулонефрит тілмелі қабыну. Препаратты тағайындағанда бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
Бензилпенициллинге немесе басқа бета- лактамдық антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық Пенициллинге аса жоғары сезімталдық Анамнезде басқа бета-лактамдық препаратқа (мысалы, цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) аса жоғары сезімталдықтың жылдам типті ауыр реакциясының (мысалы, анафилаксияның) болуы Бала емізу 3 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Дозалану режимі Дозалау жөніндегі нұсқаулар инфекцияның ауырлығы мен типіне, пациенттердің жас шамасы мен бауыр-бүйрек функциясына тәуелді. 1.Жалпы ем Ересектер мен жасөспірімдер 1 200 000 ӘБ бензилпенициллин бензоаты * + 300 000 ӘБ бензилпенициллин новокаин тұзы ** Дене салмағы 30 кг асатын балалар 1 200 000 ӘБ (ББ) + 300 000 ӘБ (БНТ) Дене салмағы 30 кг аз балалар 600 000 ӘБ (ББ) + 150 000 ӘБ (БНТ) Емдеудің ұзақтығы Бір рет қабылдау Ескертпе: стрептококктық инфекциялар кезінде инфекциялардың екінші рет қайталануына жол бермеу үшін, ең кемі 10 күндік емдеу курсын сақтау керек. Әдетте, бұл бензилпенициллин бензоатының бір реттік 600 000 ӘБ, 1 200 000 ӘБ, 2 400 000 ӘБ инъекциялары арқылы қамтамасыз етіледі; * бензилпенициллин бензоаты, бұдан әрі мәтінде БПБ деп қысқартылады; ** бензилпенициллин новокаин тұзы, бұдан әрі мәтінде БПНТ деп қысқартылады. 2. Мерезді емдеу 2.1 Мерездің бастапқы және екінші сатылары Ересектер мен жасөспірімдер 2 400 000 ӘБ (БПБ) + 600 000 ӘБ (БПНТ) Балалар кг дене салмағына 50 ӘБ, бірақ 2 400 000 ӘБ (БПБ) көп емес Емдеудің ұзақтығы Бір рет қабылдау (егер клиникалық симптомдары қайта басталса немесе зертханалық деректер күрт оң болып шықса, емдеуді қайталау керек) 2.2 Мерездің кейінгі сатысы (жасырын серо-позитивтік мерез) Ересектер мен жасөспірімдер 2 400 000 ӘБ (БПБ) + 600 000 ӘБ (БПНТ) Балалар кг дене салмағына аптасына 50 ӘБ, бірақ 2 400 000 ӘБ (БПБ) көп емес Емдеудің ұзақтығы Үш апта бойы аптасына бір рет 3. Фрамбезия мен пинтаны емдеу Ересектер мен жасөспірімдер 1 200 000 ӘБ (БПБ) + 300 000 ӘБ (БПНТ) Дене салмағы 30 кгасатын балалар 1 200 000 ӘБ (БПБ) + 300 000 ӘБ (БПНТ) Дене салмағы 30 кг аз балалар 600 000 ӘБ (БПБ) + 150 000 ӘБ (БПНТ) Емдеудің ұзақтығы Бір рет қабылдау 4. Ревматизмдік қызбаның, стрептококтан кейінгі гломерулонефриттің, тілмелі қабынудың профилактикасы Ересектер мен жасөспірімдер 1 200 000 ӘБ (БПБ) + 300 000 ӘБ (БПНТ) Дене салмағы 30 кг асатын балалар 1 200 000 ӘБ (БПБ) + 300 000 ӘБ (БПНТ) Дене салмағы 30 кг аз балалар 600 000 ӘБ (БПБ) + 150 000 ӘБ (БПНТ) Емдеудің ұзақтығы а) жүректің зақымдануынсыз: кемінде 5 жыл (немесе 21 жылға дейін) әр 3-4 апта сайын б) жүректің өтпелі зақымдануы: кемінде 10 жыл (немесе 21 жылға дейін) әр 3-4 апта сайын в) жүректің тұрақты зақымдануы: кемінде 10 жыл (немесе 40 жылға дейін) әр 3-4 апта сайын; кейде өмір бойына профилактикасы қажет болады Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз. Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болған жағдайда) Жиі: кандидоз диарея жүрек айнуы Кумбстің тікелей оң тестісі преципитация әдістерін (Фолин-Чокальтеу-Лоури әдісі, биурет әдісі) пайдаланғанда несептегі ақуыз мөлшерінің жалған оң анықталуы несептегі аминқышқылдардың жалған оң анықталуы (нингидрин әдісі) альбуминді анықтау үшін электрофорез әдістерін пайдаланған кезде псевдобисальбуминемияның жалған көрсеткіштері несептегі глюкозаның ферменттік емес жолмен жалған оң анықталуы және уробилиногеннің анықталуы несептегі 17-кетостероидты анықтау (Циммерман реакциясын пайдаланып) кезіндегі мәндердің жоғарылығы Жиі емес: стоматит глоссит құсу Сирек: аллергиялық реакциялар есекжем ангионевроздық ісіну мультиформалы эритема эксфолиативтік дерматит дене температурасының жоғарылауы артралгия артериялық қысымның төмендеуімен және анафилактоидтық реакциялармен жүретін анафилаксиялық шок астма пурпура асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар нефропатия; интрестициальді нефрит Өте сирек: эозинофилия, лейкопения, нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, гемолиздік анемия, коагуляция бұзылулары Белгісіз: қан кету мен протромбин уақытының ұзаруы сарысу құю ауруы спирохеталар инфекцияларымен біріккен Яриш-Герксгеймер реакциясы (мерез және Лайм боррелиозы)* гепатит, холестаз пемфигоид (тері мен шырышты қабықтарда субэпителиальді күлбіреуіктердің болуы) жалған жарғақшалы колит инъекция орнының ауыруы инъекция орнындағы инфильтраттар Уанье синдромы (Хайн реакциясы) Николау синдромы жергілікті реакциялар*** парааллергиялық реакциялар** Ескертпе: * Мерезді емдеуде бактериолиздің нәтижесінде қызбамен, қалтыраумен, жалпы және ошақтық симптомдармен сипатталатынЯриш-Герксхаймер реакциясы туындауы мүмкін. ** Дерматомикозы бар пациенттерде парааллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, өйткені пенициллиндер мен дерматофиттер метаболиттері арасында ортақ антигенділік болуы мүмкін. *** Сәбилерде жергілікті реакциялар болуы мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.