БИЦИЛЛИН-3 600 000 ЕД порошок для инъекций №1 флакон

520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинированные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді заттар:бензатин бензилпенициллині – 200000 ӘБ, бензилпенициллин натрий тұзы – 200000 ӘБ, бензилпенициллин новокаин тұзы – 200000 ӘБ. қосымша заттар: препарат құрамында қосымша заттар жоқ.
Қолданылуы
Дәрілік препарат (ДП) ересектерде қолданылады. Емдеу үшін: – тілме қабынуы – мерез, ерте сатысындағы мерез (бастапқы және салдарлы); – жасырын мерез (нейромерезді және ликвор талдауында патологиялық деректер болуын қоспағанда); – фрамбезия – пинта. Профилактика үшін: – ревматизмдік қызба (хорея, ревматизмдік кардит) – стрептококктан кейінгі гломерулонефрит – тілме қабынуы.
Қарсы көрсетілімдер
- бензатин бензилпенициллинге, сояға, арахиске аса жоғары сезімталдық - анамнезінде басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға), новокаинге аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясының болуы (анафилаксиялық реакция) - бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
БИЦИЛЛИН-3 келесі үлгіде қолданылады: бөксе бұлшықетінің үстіңгі сыртқы квадрантына 300 мың ӘБ дозасында бұлшықет ішіне терең енгізеді. 2 инъекция қажет болған жағдайда, оларды екі бөксеге салады. Келесі инъекцияларды алдыңғы инъекциясынан кейін 4 тәуліктен соң жүргізеді. 600 мың ӘБ дозасында 6 күнде 1 рет енгізеді. Енгізу әдісі және жолы Препарат бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Суспензия дайындау Суспензия дайындау үшін инъекцияға арналған стерильді суды, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін немесе 0.25-0.5 % новокаин ерітіндісін (5-6 мл) пайдаланады, ех tеmроге дайындайды. Еріткішті құтыға баяу, 20-25 секундта 5 мл жылдамдықпен енгізеді. Қоспасы бар құтыны ұзына бойғы осі бағытында сақтықпен, гомогенді суспензия (немесе жүзінді) түзілгенше сілкиді. Құты қабырғасында суспензияның бетінде көпіршіктер болуына жол беріледі. Суспензияны дереу бөксенің жоғарғы сырт жақ квадрантына терең енгізеді. Инъекциядан кейін бөксені ысқылау ұсынылмайды. Сумен немесе жоғарыда аталған ерітінділермен ұзақ уақыт байланыста болғанда, препараттың физикалық және коллоидтық қасиеттері өзгереді, осының нәтижесінде суспензия біркелкі болмайды және шприцтің инесінен нашар өтеді. БИЦИЛЛИН-3 ересектерде ғана қолданылады (балаларда қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелмеген). Емдеу ұзақтығы Бастапқы және салдарлы мерезді емдеуде препараттың бір реттік дозасы 1.8 млн. ӘБ құрайды. Емдеу курсы 7 инъекциядан тұрады. Алғашқы инъекция 300 мың ӘБ дозасында жүргізіледі, екінші инъекцияны- 1 тәуліктен соң толық дозада, келесі инъекцияларды аптасына 2 рет толық бір реттік дозада жүргізеді. Қайталанған салдарлы және жасырын ерте мерезді емдеуде алғашқы инъекция үшін 300 мың ӘБ, келесі инъекциялар үшін - 1.8 млн. ӘБ дозасы пайдаланылады. Инъекцияларды аптасына 2 рет жүргізеді. Емдеу курсы - 14 инъекция.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.