+345 бонус

Бетаспан Депо Суспензия для инъекций в ампул 1 мл №5

6915 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл суспензияның құрамында белсенді заттар - 6,43 мг микрондалған бетаметазон дипропионаты 100 % құрғақ затқа шаққанда (бұл 5 мг бетаметазонға баламалы), 2,63 мг бетаметазон натрий фосфаты 100 % сусыз затқа шаққанда (бұл 2 мг бетаметазонға баламалы); қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), бензил спирті, натрий хлориді, сусыз натрий гидрофосфаты, динатрий эдетаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, полисорбат 80, полиэтиленгликоль 4000, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кортикостероидтармен ем жүргізу қосымша болып табылады және стандартты емді алмастырмайды.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына немесе кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық кортикостероидтарға аса жоғары сезімталдық жүйелік микоздар идиопатиялық немесе тромбоцитопениялық пурпурасы бар пациенттерге Бетаспан® Депо препаратын бұлшықет ішіне енгізілмейді
Дозасы
Дозалау режимі мен енгізу тәсілін дәрігер көрсетілімдеріне, аурудың ауырлығына және науқастың емдеуге реакциясына қарай жеке белгілейді. Доза ең аз, ал қолдану мерзімі – барынша қысқа болуы тиіс. Дозаны қанағаттанарлық клиникалық әсер алғанға дейін таңдаған жөн. Егер қанағаттанарлық клиникалық әсер белгілі бір уақыт кезеңі ішінде анықталмаса, препаратпен емдеуді дозаны біртіндеп азайту жолымен тоқтату және басқа тиісті ем жүргізу керек. Қолайлы жауап болған жағдайда тиісті клиникалық жауабы бар ең аз дозаға қол жеткізілгенге дейін бастапқы дозаны қолайлы аралықпен біртіндеп азайта отырып, ұстануы қажет тиісті дозаны анықтау қажет. Бетаспан® Депо суспензиясы вена ішіне немесе тері астына енгізуге арналмаған. Жүйелік қолдану Препараттың бастапқы дозасы көп жағдайда 1-2 мл құрайды. Енгізу қажет болған жағдайда, науқастың жағдайына байланысты қайталанады. Препаратты бөксеге бұлшықет ішіне терең енгізу керек: шұғыл шараларды талап ететін ауыр жағдайларда (қызыл жегі және демікпе статусы) препараттың бастапқы дозасы 2 мл құрауы мүмкін; әр түрлі дерматологиялық ауруларда, әдетте, 1 мл препарат жеткілікті; тыныс алу жүйесінің ауруларында препараттың әсері бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде басталады. Бронх демікпесі, пішен қызбасы, аллергиялық бронхит және аллергиялық ринит кезінде жағдайды айтарлықтай жақсартуға 1-2 мл препарат енгізгеннен кейін қол жеткізіледі; жедел және созылмалы бурситтерде бұлшықет ішіне енгізуге арналған доза 1-2 мл препаратты құрайды. Қажет болса, бірнеше рет енгізу керек. Жергілікті қолдану Жергілікті жансыздандыратын препаратты бір уақытта қолдану тек бірлі-жарым жағдайларда қажет (инъекция іс жүзінде ауыртпайды). Егер дұрысы жансыздандыратын затты бір уақытта енгізу болса, онда 1% немесе 2% прокаин гидрохлоридінің немесе лидокаиннің ерітіндісін немесе парабендері жоқ дәрілік түрлерді қолдана отырып, ұқсас жергілікті анастетиктерді пайдаланады. Құрамында метилпарабен, пропилпарабен, фенол және басқа да ұқсас заттар бар анестетиктерді қолдануға рұқсат етілмейді. Бетаспан® Депо препаратымен біріктірілген анестетикті қолданғанда әуелі құтыдан шприцке препараттың қажетті дозасын сорып алады, сонан соң осы еккішке ампуладан жергілікті анестетиктің қажетті мөлшерін толтырып, қысқа уақыт кезеңі аралығында сілкиді. Жедел бурсит (субдельта тәрізді, жауырын астындағы, шынтақтық және тізенің алдыңғы жақ үстіндегі) 1-2 мл Бетаспан® Депо препаратын синовиальді қалтаға енгізу ауыруды жеңілдетіп, қозғалғыштықты бірнеше сағатқа толық қалпына келтіре алады. Созылмалы бурситті емдеу жедел ауыру ұстамасы басылған соң препараттың аз дозаларымен жүргізіледі. Жедел тендосиновииттер, тендинит және перитендинит кезінде Бетаспан® Депо препаратының 1 инъекциясы науқастың жағдайын жеңілдетеді, созылмалы жағдайда реакцияға байланысты препараттың инъекциясын қайталау керек. Препаратты сіңірлерге тікелей енгізуден аулақ болу керек. Ревматоидты полиартрит және остеоартрит кезінде препаратты буын ішіне 0,52 мл дозада енгізу енгізгеннен кейін 2 - 4 сағат ішінде буындардың ауыруын, ауырсынуын және қимыл шектелісін азайтады. Препараттың емдік әсерінің ұзақтығы айтарлықтай ауытқиды және 4 немесе одан да көп аптаны құрауы мүмкін. Үлкен буындарға енгізу кезінде препараттың ұсынылған дозалары – 1-2 мл; орташа буындарға – 0,5 - 1 мл; кіші буындарға – 0,25 - 0,5 мл. Дерматологиялық ауруларда препаратты тікелей зақымдану ошағына тері ішіне енгізу тиімді. 0,2 мл/см2 Бетаспан® Депо препаратының туберкулин шприцінің және диаметрі шамамен 0,9 мм иненің көмегімен тері ішіне (тері астына емес) енгізу керек. Инъекция орнына енгізілетін дәрілік заттың жалпы саны 1 мл-ден аспауы тиіс. Кортикостероидтарға сезімтал аяқтың ауруы кезінде. Мүйізгек астындағы бурситті әрқайсысы 0,25 мл екі рет инъекция арқылы жеңуге болады. Бас башпай қимыл қозғалысының тежелуі, аяқтың варустық кішкене саусағы және жедел подагралық артрит сияқты ауруларда өте тез жеңілдеу мүмкін. Бетаспан® Депо препаратының ұсынылған бір реттік дозалары (енгізу арасындағы аралықпен 1 апта): қатты мүйізгекте - 0,25 - 0,5 мл; өкшесүйек кезінде - 0,5 мл; башпайдың қимыл қозғалысының тежелуі кезінде - 0,5 мл; аяқтың варустық кішкентай саусағында - 0,5 мл; синовиальді кистада - 0,25-тен 0,5 мл-ге дейін; тендосиновиит кезінде - 0,5 мл; куб тәрізді сүйектің қабынуы кезінде - 0,5 мл; жедел подагра артриті кезінде - 0,5-тен 1 мл-ге дейін. Енгізу үшін диаметрі шамамен 1 мм инесі бар туберкулин шприцті пайдалану ұсынылады. Егер стресстік жағдай туындаса немесе қауіп төнсе (аурумен байланысты емес), препараттың дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Ұзақ емнен кейін препаратты тоқтатуды дозаны біртіндеп төмендету жолымен жүргізген жөн. Науқастың жағдайын бақылауды ұзақ ем аяқталғаннан кейін немесе препаратты жоғары дозаларда қолданғаннан кейін кем дегенде бір жыл бойы жалғастыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Парентеральді әдіс бойынша енгізіледі. Бетаспан® Депо препаратын глюкокортикостероидты организмге жүйелі түрде енгізу қажет болған кезде бұлшықет ішіне; артрит кезінде тікелей зақымданған жұмсақ тіндерге немесе буынішілік және периартикулярлық инъекция түрінде; терінің әртүрлі аурулары кезінде тері ішіне инъекция түрінде; аяқтың кейбір ауруларында зақымдануға жергілікті инъекция түрінде енгізу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.