+410 бонус

БЕТАЛОК ЗОК 100 мг №30 таб

8200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швеция
  • Өндіруші: АстраЗенека АБ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетка құрамында белсенді зат - 95 мг метопролол сукцинаты, 100 мг метопролол тартратына баламалы Қосымша заттар: кремнийдің қостотығы, этилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, натрий стеарил фумараты; Таблетка қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, парафин, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Ересектер - артериялық гипертензия - стенокардия - сол жақ қарынша систолалық функциясының бұзылуымен тұрақты симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі - миокард инфарктісінің жедел фазасынан кейін қайталанатын инфаркт жиілігін және өлімге ұшырауды болдырмау - жүрек ырғағының бұзылулары, қарыншаүстілік тахикардияны қоса, жүрекшелер фибрилляциясы және қарыншалық экстрасистолалар кезіндегі қарыншалардың жиырылу жиілігінің төмендеуі - тахикардиямен қатар жүретін жүрек қызметінің функционалдық бұзылулары - бас сақинасы ұстамаларының профилактикасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, басқа -блокаторларға немесе 6.1 бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық - кардиогенді шок - синустық түйін әлсіздігі синдромы (тұрақты кардиостимулятор болмағанда) - II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада - декомпенсация сатысындағы тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі (өкпенің ісінуі, гипоперфузия немесе гипотензия) - β-адренорецепторларға әсер ететін және инотропты дәрілермен ұзақ уақыт ем алып жүрген пациенттер - симптоматикалық брадикардия - артериялық гипотензия - ЖЖЖ минутына 45 рет соғудан аз жедел миокард инфарктісімен, PQ аралығы 0.24 секундтан көбірек немесе систолалық артериялық қысымы 100 мм сын. бағ. төмен пациенттер - жүрек жеткіліксіздігі бар және шалқадан жатқан қалыпта артериялық қысымы 100 мм сын. бағ. төмен пациенттер препаратты тағайындау алдында қайта тексерілуі тиіс - гангрена қатері бар ауыр дәрежедегі шеткері тамырлар аурулары - -адреноблокаторлар қабылдап жүрген пациенттерге верапамил типті «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын вена ішіне енгізу қарсы көрсетілімді - 6 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған)
Дозасы
Дозаны брадикардия дамуын болдырмау үшін әркімге жеке таңдау керек. Енгізу әдісі және жолы Беталок® ЗОК тәулігіне бір рет күнделікті қабылдауға арналған, препаратты таңертең қабылдау ұсынылады. Беталок® ЗОК таблеткаларын бөлуге болады. Таблетканы шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, ал оны сұйықтық ішумен жұту керек. Ас ішу препарат биожетімділігіне ықпал етпейді. Артериялық гипертензия Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 50-100 мг құрайды. Қажет болса, дозаны тәулігіне 100 мг дейін арттыруға немесе гипертензияға қарсы басқа дәріні, дұрысы, диуретик және дигидропиридин қатарына жататын кальций антагонисін қосуға болады. Стенокардия Ұсынылатын Беталок® ЗОК дозасы тәулігіне бір рет 100-200 мг құрайды. Қажет болса, дозаны арттыруға немесе емге нитраттарды қосуға болады. Тұрақты симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде АӨФ тежегіштеріне (ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері), диуретиктерге және, мүмкін, оймақгүл препараттарына қосымша ем Пациенттер соңғы 6 апта ішінде өршу көріністерінсіз және соңғы 2 апта ішінде негізгі емді өзгертусіз созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің компенсация сатысында болуы тиіс. Жүрек жеткіліксіздігін β-адреноблокаторлармен емдеу кейде симптомдардың уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда емді жалғастыруға немесе дозаны төмендетуге болады, бірқатар жағдайларда препаратты тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін. Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, II функционалдық класс Ұсынылатын Беталок® ЗОК бастапқы дозасы алғашқы 2 аптада тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. 2 апта емдеуден кейін дозаны тәулігіне бір рет 50 мг дейін арттыруға болады, ал әріқарай әр 2 апта сайын екі еселеуге болады. Ұзақ емдеу үшін демеуші доза тәулігіне бір рет 200 мг препаратты құрайды. Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, III-IV функционалдық класс Беталок® ЗОК препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы алғашқы 2 аптада тәулігіне бір рет 12.5 мг құрайды. Доза әркімге жеке таңдалады. Дозаны арттыру кезеңінде пациент қадағалауда болуы тиіс, өйткені кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары нашарлауы мүмкін. 1-2 аптадан кейін дозаны тәулігіне бір рет 25 мг Беталок® ЗОК препаратына дейін арттыруға болады. Одан кейін 2 апта өткен соң дозаны тәулігіне бір рет 50 мг дейін арттыруға болады. Препарат жағымдылығы жақсы болатын пациенттерге дозаны тәулігіне бір рет ең жоғары 200 мг дозаға жеткенше әр 2 апта сайын екі еселеуге болады. Артериялық гипотензия және/немесе брадикардия дамыған жағдайда қатар жүргізілетін емді азайту немесе Беталок® ЗОК препаратының дозасын төмендету керек болуы мүмкін. Емнің басында артериялық гипотензияның дамуы әріқарай ұзақ уақыт емдеу барысында таңдалған Беталок® ЗОК дозасының жағымды болмайтынын міндетті түрде көрсетпейді. Алайда, доза жай-күй тұрақталатын сәтке дейін арттырылмауы тиіс. Бүйрек функциясына мониторинг керек болуы мүмкін. Жүрек ырғағының бұзылулары Беталок® ЗОК препаратының ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 100-200 мг. Қажет болса, дозаны арттыруға болады Миокард инфарктісінен кейінгі демеуші ем Демеуші доза ретінде тәулігіне бір рет 200 мг Беталок® ЗОК ұсынылады. Тахикардиямен қатар жүретін жүрек қызметінің функционалдық бұзылулары Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 100 мг Беталок® ЗОК препараты. Қажет болса, дозаны тәулігіне 200 мг дейін арттыруға болады. Бас сақинасы ұстамаларының профилактикасы Тәулігіне бір рет 100-200 мг препарат ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.