+134 бонус

БЕТАГИСТИН-ЛФ 24 мг №30 табл

2690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетагистин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: СООО Лекфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – бетагистин дигидрохлориді 16 мг немесе 24 мг, қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, маннит (тиісінше 16 мг және 24 мг дозасы үшін 44 мг және 66 мг), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон (В типі), тальк, микрокристалды целлюлоза.
Қолданылуы
Келесі негізгі симптомдармен сипатталатын Меньер синдромы: бас айналу (жүрек айнуы және құсумен қатар жүретін), құлақтың шыңылдауы, есту қабілетінің төмендеуі (құлақ мүкістігі) вестибулярлық бас айналуды (вертиго) симптоматикалық тұрғыдан емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық феохромоцитома. Бетагистин-ЛФ тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Дозасы
Бетагистин-ЛФ әрқашан Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай етіп қабылдаңыз. Егер Сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Ересектерге арналған препараттың дозасы күніне 24-48 мг бетагистинді құрайды. Бетагистин-ЛФ 16 мг күніне 3 рет 1/2 - 1 таблеткадан қабылдау керек. Бетагистин-ЛФ 24 мг күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдау керек. Дозаны емдеу реакциясына байланысты жеке таңдау керек. Жақсаруы кейде емдеудің бірнеше аптасынан кейін ғана байқалады. Үздік нәтижелерге кейде бірнеше ай емделгеннен кейін қол жеткізіледі. Аурудың басында емді тағайындау оның өршуіне және/немесе кейінгі сатыларда есту қабілетінің жоғалуына жол бермейтіні туралы деректер бар. Балалар мен жасөспірімдер: Бетагистин-ЛФ тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Клиникалық зерттеулер деректерінің шектеулігіне қарамастан, тіркеуден кейінгі ауқымды тәжірибе пациенттердің осы тобындағы адамдарда дозаны түзетудің талап етілмейтіндігін болжайды. Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттер Пациенттердің осы тобында арнайы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда тіркеуден кейінгі тәжірибе пациенттердің осы тобында дозаны түзетудің қажеті жоқ деп болжауға негіз береді. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.