+129 бонус

БЕТАДИН 10% 30 мл р-р Повидон-йод

2585 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-Йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – повидон-йод 10,0 г (0.9 - 1.2 г белсенді йодқа сәйкес келеді) қосымша заттар: глицерин 85 %, ноноксинол 9, сусыз лимон қышқылы, динатрий гидрофосфаты ангидраты, натрий гидроксиді (pH анықтауға арналған 10 % ерітінді (м/к)), тазартылған су
Қолданылуы
- биопсия, инъекциялар, пункциялар, қан алу және қан құю, инфузиялық ем алдында теріні дезинфекциялауда - тері мен шырышты қабаттарды антисептикалық өңдеуде, мысалы, хирургиялық операциялар алдында - жарақаттарды асептикалық өңдеуде - терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында - терінің операциясы алдында толық немесе ішінара дезинфекциялауда (пациентті операция алдындағы дезинфекциялық дайындау, «дезинфекциялайтын ванналар»)
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қалқанша без функциясының бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігі герпетформалы Дюринг дерматиті радиоактивті йодты сцинтиграфияға немесе йодтың бәсекелес сіңуіне байланысты қалқанша безінің карциномасын емдеуге дейін және қолдану кезінде. Повидон-йодты қолданғаннан кейін қалқанша безді сцинтиграфиялау немесе емдеу үшін радиоактивті йодты қолданар алдында белгілі бір уақыт аралығын (1-2 апта) ұстанған жөн теріні зақымдауы мүмкін заттардың түзілуі салдарынан құрамында сынап бар препараттармен бірге қолдану 1 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Бетадин ерітіндісін сұйылтпай немесе сумен сұйылтқаннан кейін дезинфекцияланатын аймаққа байланысты 10% (1:10) немесе 1% (1:100) ерітінді ретінде қолдануға болады. Препаратты инъекцияға, қан алуға, биопсияға, қан құюға, инфузиялық емге немесе зақымданбаған теріде кез келген басқа хирургиялық араласымдарға дейін теріде 1-2 минутқа қалдыру керек. Жарақаттар, күйіктерді асептикалық өңдеу үшін, шырышты қабаттарды дезинфекциялау үшін, терінің бактериялық және зеңдік инфекцияларында 10% ерітіндіні (Бетадинді сумен 1:10 арақатынаста еріте отырып) қолданады. Операция алдындағы «дезинфекциялайтын ванналар» үшін Бетадиннің (1:100) 1% ерітіндісі қолданылады. Дене беткейі түгелімен біркелкі Бетадиннің 1% ерітіндісімен өңделуі және 2 минуттық экспозициядан кейін ерітіндіні жылы сумен шайып тастау керек. Теріні операция алдындағы дезинфекциялауда науқастың астында артық сұйықтықтың жиналмағанын тексеріп тұру керек. Ерітіндімен ұзақ уақыт жанасу терінің тітіркенуін, ал сирек жағдайларда – тері тарапынан ауыр реакцияларды туындатуы мүмкін. Ерітіндінің пациенттің астында жинақталып қалуы химиялық күйік туындатуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдер 2 жасқа дейінгі балаларда Бетадин препаратының ерітіндісін қолдану ұсынылмайды. Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда препарат қарсы көрсетілімде.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.