+120 бонус

БЕТАДИН 10% 20 г мазь

2400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Повидон-йод
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 20 г жақпамай құрамында белсенді зат - 2 г повидон-йод (200 мг белсенді йодқа баламалы), қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, макрогол 400, макрогол 1000, макрогол 1500, макрогол 4000, тазартылған су.
Қолданылуы
Бетадин жақпамайы кең ауқымды әсер ететін антисептик препарат болып табылады, келесілерде қолданылады: ұсақ кесілулер мен сыдырылуларда, аздаған күйіктерде инфекциялардың емі мен профилактикасында терінің зеңдік және бактериялық инфекцияларын, сондай-ақ ойылулар мен трофикалық ойық жаралар инфекцияларын емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
йодқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қалқанша безі функциясының бұзылуы радиоактивті йодты қолдана отырып, қалқанша безін сцинтиграфиялық зерттеуге дейін, зерттеу кезінде және одан кейін герпес түріндегі Дюринг дерматиті повидон-йодты құрамында сынап бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл теріні зақымдайтын заттың пайда болуына әкеледі 1 жасқа дейінгі бала жасында.
Дозасы
Ересектер 8-9 дозадан аспайтын жақпамайды (бұршақ мөлшеріндей) (1 см2 = 100 мг есебінен) күніне 1 рет немесе 4,5 доза жақпамайды күніне 2 рет 7 күннен асырмай жағу ұсынылады. Ең жоғары дозасы: әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей 8-9 доза, күніне 1 рет немесе 4,5 доза күніне 2 рет. Терінің беткейін тазартып, кептіру керек, содан кейін Бетадин жақпамайын қолдануға болады. Балалар мен жасөспірімдер 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға жақпамай қолдану ұсынылмайды. Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға жақпамай қолдануға болмайды. 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 7 күнге дейінгі мерзімге ұсынылатын дозалар (жақпамайдың 1 дозасы (бұршақ мөлшеріндей) 1 бұршақ = 1 см2 = 100 мг мөлшері ретінде анықталады): - 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1 рет жақпамайдың 1 дозасы (бұршақ мөлшеріндей). - 6 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға: жақпамайдың 2 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе бұршақ мөлшеріндей 1 доза күніне 2 рет). - 9 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға: жақпамайдың 3 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе 1,5 доза күніне 2 рет). - 14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге: жақпамайдың 5 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе 2,5 доза күніне 2 рет). Енгізу әдісі және жолы Препарат тек теріге сыртқа қолдануға арналған. Зақымданған теріні тазартып, құрғату керек. Өңделген теріге таңғыш таңуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.