+111 бонус

БЕТАДЕРМ 15 г мазь

2230 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон в комбинации с антибиотиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: ООО Бауш Хелс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір грамм жақпамайдың құрамында белсенді зат – 0,50 мг бетаметазон (дипропионат түрінде); 1,00 мг гентамицин (сульфат түрінде); қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин спирті, цетостеарил спирті, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, ақ вазелин.
Қолданылуы
терінің құрғақ қабыну жағдайларында (дерматоздар) қоздырғыштың гентамицинге сезімталдығы кезінде екінші қайтара бактериялық инфекциямен асқынған және шамадан тыс кератозбен, қышынумен немесе күшті аллергиялық реакциялармен өтетін аллергодерматоздар атопиялық дерматит, себореялық дерматит, қарапайым созылмалы теміреткі, мүйізгекті экзема, псориаз аллергиялық жанаспалы дерматит қызыл жегінің терідегі түрі, көп пішінді эритема Құрамында күшті әсер ететін глюкокортикостероидтың барын ескере отырып, Бетадерм® жақпамайын аурудың жедел кезеңінде терінің аздаған беткейіне қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық терінің вирустық инфекцияларында (мысалы, желшешек, герпес) терінің зеңдік немесе бактериялық (мысалы, туберкулез) инфекцияларында терінің жаңа түзілімдері кезінде қызғылт безеулер кезінде кәдімгі безеулер кезінде флебит және варикоздық ойықжара кезінде 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер анус аумағында және жыныс мүшелері аумағында периоральді дерматитте гентамицинге төзімді бактериялар туындатқан тері инфекциялары кезінде жүктілік және лактация кезінде бүйрек жеткіліксіздігі Терінің ауқымды зақымданған жерлеріне, әсіресе терінің тұтастығы бүлінуімен қатар жүретін, мысалы, күйіктерде қолданбаған жөн. Ұзақ уақыт (7-10 күннен астам) қолдануға болмайды. Бет терісіне қолданбау керек.
Дозасы
Жақпамайдың аздаған мөлшерін зақымданған тері беткейіне күніне 1-2 рет жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн. Емді үзіліссіз 7-10 күннен ұзақ жүргізуге болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.