+325 бонус

БЕРОТЕК Н 100 мкг 10 мл 200 доз

6500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенотерол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Boehringer Ingelheim Pharma GmbH & Co.KG
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ингаляциялық доза құрамында белсенді зат – фенотерол гидробромиді 100 мкг, қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, абсолютті этанол, тазартылған су, пропеллент 1,1,1,2–тетрафторэтан (HFA 134a)
Қолданылуы
Фенотерол - бронх демікпесі мен бронхитпен байланысты жедел немесе созылмалы ентігу кезінде тыныс алу жолдарын тез кеңейтетін белсенді зат. - демікпенің жедел ұстамаларының симптоматикалық емінде - дене жүктемесінен туындаған бронх демікпесінің профилактикасында - асқынған немесе асқынбаған эмфиземасы бар созылмалы обструкциялық бронхит сияқты тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясына байланысты шығу тегі аллергиялық немесе аллергиялық емес және/немесе басқа да жай-күйдегі бронх демікпесінің симптоматикалық емінде Ескерту Егер ұзақ емдеу талап етілсе, қатарлас қабынуға қарсы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- фенотерол гидробромидіне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия - тахиаритмия
Дозасы
Доза аурудың сипатына және ауырлығына байланысты. Егер басқасы қарастырылмаса, ересектер және 6 жастан асқан балалар үшін келесі дозалар ұсынылады: • Кенеттен туындаған бронх демікпесін және ентігу ұстамаларын басу үшін 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) бір ингаляциялық дозасы керек. Әдетте жедел ентігу ұстамаларында тыныс алуды жылдам жеңілдету үшін бір ингаляция жеткілікті. Егер бірінші ингаляциядан кейін 5 минуттан соң тыныс алудың елеулі жақсаруы болмаса ингаляцияны қайталауға болады. Тұншығудың ауыр ұстамасы және екінші дозаның тиімсіз болуы қосымша доза қабылдау қажеттігін білдіруі мүмкін. Бұндай пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). • Бета2-симпатомиметиктермен ұзақ ем қажет болғанда, дозасы күніне 3-4 рет Беротек® Н препаратының 1 - 2 ингаляциялық дозасын құрауы тиіс. Беротек® Н препаратын әрбір қолданудың уақыты мен дозасын ентігудің (симптоматикалық) жиілігі мен ауырлығына қарай таңдау керек. Сондай-ақ қабынуға қарсы, әсіресе бронх демікпесі жағдайында ұзақ ем жүргізу керек. Ингаляциялар аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Жалпы тәуліктік дозасы күніне 8 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 4 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені жоғарырақ дозаның әдетте қосымша емдік әсері болмайды, бірақ күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін. • Дене жүктемесінің бронх демікпесі ұстамаларының спецификалық профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасуларда, мүмкіндігінше болжамды дене жүктемесінің/аллергенмен жанасудың алдында 10-15 минут бұрын Беротек® Н препаратының 1 - 2 ингаляциялық дозасын енгізу керек. Пациенттердің ерекше топтары Бала жасындағы пациенттер Егер басқаша қарастырылмаса, 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін келесі дозалар ұсынылады: • Кенет туындаған бронх түйілуі мен тұншығу ұстамаларын басу үшін 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) бір реттік дозасын енгізу керек • Ұзақ емдеу немесе ұстама профилактикасы қажет болғанда күніне 4 рет 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) ингаляциясы керек. Беротек® Н препаратын әр қолданудың уақыты мен дозасын ентігудің (симптоматикалық) жиілігі мен ауырлығына байланысты таңдау керек. Сондай-ақ қабынуға қарсы, әсіресе бронх демікпесі жағдайында ұзақ ем жүргізу керек. Ингаляциялар аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Жалпы тәуліктік дозасы күніне 4 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 2 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені жоғарырақ дозаның әдетте қосымша емдік әсері болмайды, бірақ күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін. • Дене жүктемесінің бронх демікпесі ұстамаларының спецификалық профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасуларда, мүмкіндігінше болжамды дене жүктемесінің/аллергенмен жанасудың алдында 10-15 минут бұрын 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1  ингаляция) ингаляциясы керек. Препаратты 4 жастан кіші балаларға пайдалануға болмайды. Емге арналған ерекше нұсқаулар: Жай-күйдің ауырлығын ескере отырып, бронх демікпесін емдеу сатылы болуы тиіс. Емге реакцияны ұдайы медициналық бағалау көмегімен бақылау керек. Беротек® Н сияқты бета2-симпатомиметиктерді маман кеңесін алмай жоғары дозаларда қабылдау пациент өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Ауру ағымын және бронхолитикалық және қабынуға қарсы емнің талапқа сай болуын бағалау үшін пациент дәрігер нұсқауына сәйкес жай-күйін күн сайын тексеруді өздігінен орындағаны маңызды. Бұндай тексеріс мысалы, пневмотахометр көмегімен өлшенетін жедел тыныс алу көлемін тіркеу жолымен орындалады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.