+192 бонус

БЕРОДУАЛ Н 10 мл 200 Доз Аэрозоль

3850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенотерол и ипратропия бромид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Препараттың бір дозасының құрамында белсенді заттар: 0,021 мг ипратропий бромиді моногидраты (0,020 мг ипратропий бромидіне баламалы), 0,050 мг фенотерол гидробромиді, қосымша заттар: абсолютті этил спирті, cусыз лимон қышқылы, тетрафторэтан (HFA 134a, пропеллент), тазартылған су.
Қолданылуы
Тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық ауруларында тыныстың тарылуын емдеу және профилактикасы үшін: аллергиялық және аллергиялық емес (эндогендік) бронх демікпесі, дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі, эмфиземамен және онсыз созылмалы обструкциялық бронхит «өкпені ашуға» дайындық және кортикостероидтармен, секретомуколитиктермен, гипертониялық тұзды ерітіндімен, кромоглиций қышқылымен (ДНКГ) және антибиотиктермен демеуші ингаляциялық ем үшін Ескертпе: Ұзаққа созылатын дәрі-дәрмекпен ем қажет болса, ол үнемі қабынуға қарсы еммен қатар жүргізілуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
фенотерол гидробромидіне және ипратропий бромидіне, атропин тәрізді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және тахиаритмия Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары Назар аударыңыз! Егер сізде жедел тұншығу ұстамасы болса, сіз дереу дәрігерге қаралуға тиіссіз. Өкпе арқылы қабылданатын басқа да препараттар сияқты, Беродуал® Н дозаланған аэрозоль өмірге қауіп төндіруі мүмкін парадокстық деп аталатын бронх түйілуін (бронх бұлшықеттерінің түйілуін) туындатуы мүмкін. Парадокстық бронх түйілуі пайда болса, Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолдануды дереу тоқтатыңыз және дәрігерге қаралыңыз. Егер сіз келесі аурулардан зардап шегіп жүрсеңіз, әсіресе, ұсынылуынан жоғары дозаларынан асып кеткен жағдайда Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолдану кезінде ерекше сақтануға кеңес беріледі: бақылануы жеткіліксіз диабет (қант диабеті) таяуда өткерген миокард инфарктісі жүрек бұлшықетінің қабынуы (миокардит) жүрек немесе қан тамырларының ауыр ағымды органикалық аурулары (атап айтқанда, жүректің жиі соғуы болғанда) қалқанша без гиперфункциясы (гипертиреоз) бүйрек үсті бездерінің ми заты ісігі (феохромоцитома) Егер сіз күрделі жүрек ауруынан (мысалы, жүректің ишемиялық ауруынан, аритмиялар немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігінен) зардап шегіп жүрсеңіз және сіз кеуденің ауыруын, ентігуді немесе жүрек ауруының нашарлауын көрсететін басқа симптомдарды сезінсеңіз, Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолдану кезінде айрықша сақтану қажет болады. Бұл жағдайларда сізге дәрігерге қаралу керек. Егер сізде: глаукоманың алуан түрінің белгілі біреуіне бейімділік (жабық бұрышты глаукома) несеп шығару жолдарының тарылуы (мысалы, қуық асты безінің ұлғаюы (қуық асты безінің гиперплазиясы) немесе қуық мойнағының тарылуы) бүйрек дисфункциясы (бүйрек жеткіліксіздігі) бауыр дисфункциясы (бауыр жеткіліксіздігі) байқалса, сіз Беродуал® Н дозаланған аэрозолін өте абайлап қолдануға тиіссіз. Ингаляциялық ипратропий бромиді немесе бета2-адреномиметикпен біріккен ипратропий бромиді көзге түсіп кеткенде көру мүшесі тарапынан дамыған асқынулар (мысалы, мидриаз, көзішілік қысымның көтерілуі, жабық бұрышты глаукома және көздің ауыруы) туралы жекелеген хабарламалар белгілі. Назар аударыңыз! Сіздің дәрігеріңіз Беродуал® Н дозаланған аэрозолін қалай дұрыс қолдану керектігі жөнінде сізге нұсқау беруі тиіс. Препараттың көзге түсіп кетпеуін қадағалау керек. Жабық бұрышты глаукоманың белгілері: көздің ауыруы немесе жайсыздануы көрудің бұлыңғырлануы жарық көздерінің маңында сәулелі жиектердің пайда болуы түс ажырату қабілетінің бұрмалануы конъюнктива тамырларына инъекция салудың және мөлдір қабық ісінуінің салдарынан көздің қызаруы Осы симптомдардың кез келгені білінгенде маманмен кідіріссіз кеңесу қажет және миотикалық дәрілер қолдану көрсетілімді. Анамнезінде муковисцидоз бар пациенттерде ингаляциялық антихолинергиялық дәрілермен (Беродуал® Н аэрозоль құрамында да болатын) ем кезінде асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылулары болуы мүмкін. Беродуал® Н дозаланған аэрозолін ұзақ уақыт қолдануға қатысты кеңестер Бронх демікпесі бар пациенттерде Беродуал® Н тек қажеттілігіне қарай қолданылуы тиіс. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) жеңіл түрі бар пациенттерде «талап бойынша» симптоматикалық емдеу, препаратты жүйелі қолдануға қарағанда, ұтымды болуы мүмкін. Егер сіз бронх демікпесінен немесе қабынуға қарсы (кортикостероидты ем) емге жауап беретін ӨСОА салдарынан зардап шегіп жүрсеңіз, тыныс жолдарының қабыну үдерісін және аурудың ағымын бақылау үшін қабынуға қарсы ем жүргізу немесе оны күшейту қажеттілігі туралы есте сақтау керек. Бронх демікпесі бар пациенттерде Беродуал® Н сияқты құрамында бета2- адреномиметиктер бар (оның ішінде, Беродуал® Н аэрозоль құрамында да болатын) препараттардың үдемелі дозаларын бронх обструкциясын басу үшін ұдайы пайдалану ауру ағымының нашарлау белгісі болып табылады. Бронх обструкциясы күшейген жағдайда көбіне ұзақ уақыт бойы емдеуде ұсынылатын бета2-адреномиметиктер (оның ішінде, Беродуал® Н аэрозоль құрамында да болатын) дозасын арттыру өзін-өзі ақтамауынан бөлек, қауіпті де болуы мүмкін. Осы жағдайда сіздің емдеуші дәрігеріңіз пациентті емдеу жоспарын, әсіресе, ауру ағымының өмірге қауіпті болуы мүмкін нашарлауын болдырмас үшін ингаляциялық кортикостероидтармен талапқа сай қабынуға қарсы ем қажеттілігін қайта қарауы тиіс. Талапқа сай қабынуға қарсы ем жүргізілмейтін, ұзақ уақыт кезеңі бойына ингаляциялық бета2-симпатомитетиктердің жоғары және өте жоғары дозаларын қолдану кезінде негізгі аурудың күрделі асқынулары қаупінің артуы, оның ішінде өліммен аяқталуы туралы қайталанған хабарламалар бар. Себеп-салдарлы байланыс нақты анықталмаған. Қабынуға қарсы емнің жеткіліксіз болуы өмірлік маңызды мән иеленуі мүмкін. Бета2-адреномиметиктермен басқа бронходилататорларды Беродуал® Н аэрозолімен бір мезгілде тек медициналық қадағалаумен тағайындау керек (сондай-ақ, «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Бета2-агонистердің (оның ішінде, Беродуал® Н аэрозоль құрамында да болатын) жоғары дозаларын қолданғанда қанда калий деңгейі қатты төмендеп кетуі (гипокалиемия) мүмкін. Бастапқы деңгейі төмен болса, қандағы калий концентрациясына мониторинг өткізу ұсынылады (сондай-ақ, «Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар» бөлімін қараңыз). Қанда глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін, осыған байланысты, қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру ұсынылады. Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолданудан кейін сирек жағдайларда шұғыл типті аса жоғары сезімталдық реакциялары: есекжем, Квинке ісінуі, бөртпелердің, терінің және шырышты қабықтардың ісінуі, ауыз-жұтқыншақ ісінуі, бөртпе және бронх түйілуі, сондай-ақ басқа аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Спортшыларға арналған ескертпе: Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолдану допинг-тестке оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Дозасы
Дозасы аурудың сипаты мен ауырлығына қарай белгіленеді. Ересектер мен 6 жастан бастап балаларға қолдану үшін келесі нұсқаулар ұсынылады: Ентігу ұстамасымен бронх тегіс бұлшықеттерінің кенеттен түйілуін шұғыл емдеу үшін 100  мкг фенотерол гидробромиді және 40 мкг ипратропий бромиді бір емдік дозаны ингаляциялау ұсынылады (екі ингаляциялық доза. Жедел тұншығу ұстамасында бронх өткізгіштігінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін бір ингаляциялық доза жеткілікті. Алғашқы 1-2 ингаляциялық дозадан кейін 5 минут ішінде елеулі жақсаруы болмаса, тағы 1-2 ингаляциялық дозаны қолдануға болады. Егер ентігудің ауыр ұстамасын екінші емдік дозамен де басудың сәті түспесе, қосымша доза қолдану қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайларда пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Ұзақ уақыт емдеу қажет болса, ұсынылатын доза күніне 3-4 рет 1-2 ингаляциялық дозаны құрайды. Демікпеде Беродуал® Н қажет болғанда ғана қолданылу керек. Қосымша, Беродуал® Н дозаланған аэрозоль енгізу уақыты және дозасы, ентігу жиілігі мен ауырлығына сәйкес әркімде жеке таңдалуы тиіс (симптоматикалық қолдану). Ингаляциялар аралығындағы үзіліс 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Тәуліктік доза 12 ингаляциялық дозадан аспауы тиіс, өйткені одан жоғары дозалар әдетте қосымша емдік әсерін көрсетпейді, бірақ ықтималды күрделі жағымсыз әсерлер дамуына әкелуі мүмкін. Денеге күш түсіруден болатын демікпе ұстамаларының мақсатты бағытталған профилактикасы үшін немесе аллергенмен күтілетін жанасуында көзделетін дене жүктемесінен/аллергенмен жанасудан 10-15 минут бұрын препараттың 2 ингаляциялық дозасын ішке деммен тартуға кеңес беріледі. Енгізу әдісі және жолы Дәрігер сізге дозаланған аэрозольді дұрыс қолдану жөнінде нұсқау беруі тиіс: дозаланған аэрозольді дұрыс қолдану сәтті емдеудің шарты болып табылады. Аэрозольді үнемі дәл өз дәрігеріңіздің ұсынымдары бойынша қолданыңыз. Егер сізде күмән туындаса, дәрігер немесе фармацевтен сұрап алыңыз. Аталған препарат тек ингаляция жасауға арналған. Беродуал® Н ДОЗАЛАНҒАН АЭРОЗОЛЬ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ Дозалау ингаляторын дұрыс қолдану сәтті емдеу үшін маңызды. Препаратты ингаляциялау кезінде ингаляция жасау барысында орналасу қалпына қарамастан баллондағы бағыттағыш тікелей жоғарыға, ал мүштік төменге бағытталуы тиіс. Ингаляцияны отырып немесе түрегеліп тұрып жасау ұсынылады. Ингаляторды алғаш қолданар алдында қорғағыш қақпақшасын шешіңіз және клапанға екі рет басыңыз. Әрбір қолдану алдында келесі ережелерді қадағалауды өтінеміз: 1. Қорғағыш қақпақшасын шешіңіз (1 сурет). (Егер сіз дозалау ингаляторын 3 күннен көп пайдаланбасаңыз, баллонның түбіне 1 рет басыңыз). 2. Терең дем шығарыңыз. 3. Дозалау ингаляторын, 2 суретте көрсетілгендей, өз қолыңызға алыңыз, ал мүштікті ерінмен мықтап көмкеріп қармаңыз. Осы орайда баллонның бағыттағышы жоғарыға, ал мүштік төменге бағытталуы тиіс. 4. Демді терең ішке тартып, бір мезгілде баллонды бір ингаляциялық доза босап шыққанша түбінен басыңыз. Дем алуды бірнеше секунд кідіртіңіз, одан кейін мүштікті ауыздан суырып алып, баяу дем шығарыңыз. 5. Қолданудан кейін қорғағыш қалпақшасын қайта киіңіз. Ескертпелер Егер сіз дозалау ингаляторын 3 күннен көп пайдаланбасаңыз, қайталап қолданар алдында оған бір рет басыңыз. Ингалятордан спрейдің көзге түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Мүштікті аптасына кемінде бір рет тазалап тұрыңыз. Ингалятор мүштігін, онда дәрілік препарат жиналып қалмау және аэрозоль ағынын бітеп тастамау үшін таза күйде ұстау маңызды. Ингаляторды тазалау үшін алдымен қорғағыш қалпақшасын шешіп, баллонды мүштіктен ажыратып алып, одан кейін дәрілік заттың және/немесе ластану іздері кеткенше мүштікті жылы сумен жуып-шаю керек (3 сурет). 3 Тазалаудан соң ингалятор мүштігін сілкіңіз және қандай да бір қыздыру аспаптарын пайдаланбай, ауада кептіруге қалдырыңыз. Мүштік кепкен бойда оған баллон орнатыңыз және қорғағыш қалпақша кигізіңіз (4 сурет). 4 Мүштік Беродуал® Н дозаланған аэрозолімен пайдалану үшін арнайы жасалған. Мүштікті басқа дозаланған аэрозоль түрлерімен пайдаланбаңыз. Беродуал® Н дозаланған аэрозолін тек препаратпен бірге жеткізілген мүштікпен ғана пайдаланыңыз. Сіздің дәрігеріңіз берген нұсқауларды қадағалауды және ұсынылған дозаны өз бастамаңыз бойынша өзгертпеуді өтінеміз. Беродуал® Н дозаланған аэрозоль пайдаланылғанда суреттерде берілген қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды қадағалаңыз, өйткені сәтті емделу үшін ингалятормен дұрыс жұмыс істеу маңызды. Пикфлоуметрмен дем шығару жылдымдығын күнделікті өлшеу арқылы өзін-өзі бақылау мүмкіндігін де пайдаланыңыз. Нәтижелердің жүйелі жазбасы дәрігерге сіздегі ауру ағымын жақсырақ бағалауға мүмкіндік береді, бұл сәтті емделудің маңызды шарты болып табылады. Аэрозоль баллоны мөлдір емес. Сондықтан оның ішіндегісінің қашан бітетінін анықтау мүмкін болмайды. Баллон 200 ингаляцияға есептелген. Ерітінді жұмсалып біткен соң да баллонда оның аздаған мөлшері қалуы мүмкін. Дегенмен де, сіз баллонды ауыстыруға тиіссіз, өйткені керісінше жағдайда сіз препарат дозасын дұрыс алмай қалуыңыз мүмкін. Баллонның шамамен толтырылу дәрежесін келесі үлгіде тексеруге болады: - онда әлі сұйықтықтың бар-жоғын анықтау үшін баллонды сілкіңіз; - мүштіктен баллонды шығарып алыңыз және оны суы бар ыдысқа салыңыз. Баллонның қалпы сізге оның толтырылу дәрежесін көрсетеді. Баллонның әртүрлі қалпы шамамен толтырылу дәрежесін көрсетуі тиіс. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қаптама мөрмен баспаланған. Тек бүлінбеген заттаңба ғана ішіндегісінің түпнұсқалық екенін кепілдейді. Қаптама бүлінген жағдайда міндетті түрде фармацевтпен хабарласыңыз. Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі Беродуал® Н дозаланған аэрозоль қолдану жиілігі әркімде жеке таңдалуы тиіс: жедел ентігу ұстамасында (бронх тегіс бұлшықеттерінің кенеттен түйілуінде), ұзақ уақыт қолдану кезінде ентігу жиілігі мен ауырлығына қарай (симптоматикалық емдеу), дене күшін жұмсаудан болатын демікпе ұстамаларының профилактикасы үшін немесе аллергенмен күтілетін жанасуында. Тәуліктік доза 12 ингаляциялық дозадан аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Сіздің емдеуші дәрігеріңіз емдеу ұзақтығын аурудың ағымдағы үдеуіне байланысты белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.