+417 бонус

БЕРЛИТИОН 600 мг/ 24 мл №5 амп Тиоктовая кислота

8350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тиоктовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Берлин - Хеми АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
24 мл концентраттың құрамында белсенді зат – тиокт қышқылының этилендиамин тұзы, 0.755 г (тиокт қышқылына баламалы, 0.600 г). қосымша заттар: инъекцияға арналған су, азот, аргон.
Қолданылуы
- диабеттік полинейропатиядағы парестезияда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дозасы
Ересектердегі диабеттік полинейропатия кезінде парестезияның айтарлықтай айқын симптомдарында тәулігіне 24 мл (1 ампула Берлитион® 600 ӘБ) дозада инфузиялық ерітінді дайындау үшін концентратты вена ішіне енгізу ұсынылады (тәулігіне 600 мг тиокт қышқылына сәйкес келеді). Енгізу әдісі мен жолы Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентратты сұйылтқаннан кейін, сонымен бірге емнің бастапқы сатысында 2-4 апта ішінде вена ішіне енгізеді. Берлитион® 600 ӘБ бір ампуласының ішіндегісін 0,9 %-дық хлорлы натрийдің 250 мл ерітіндісімен араластырғаннан кейін вена ішіне енгізуді ең кемі 30 минут ішінде қысқа мерзімді инфузия түрінде жүргізу керек. Әсер етуші заттың жарыққа сезімталдығынан қысқа мерзімді инфузияға арналған ерітіндіні оны қолданудың алдында ғана дайындау керек. Инфузиялық ерітіндіні жарықтың әсерінен алюминий фольганың көмегімен қорғау керек. Инфузиялық ерітінді жарықтан қорғалған жағдайда шамамен 6 сағат бойына сақталады. Инфузияның 30 минутқа тең ең аз ұзақтығын қамтамасыз ету қажет. Кейінгі терапия ретінде тәулігіне 300-600 мг тиокт қышқылы пероральді қабылдауға арналған дәрілік нысандарда тағайындалады. Диабеттік полинейропатияда емнің негізі  диабетті оңтайлы түзету болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер Деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.