+17 бонус

БЕНЗИЛПЕНИЦИЛЛИН 1000000 ед №1 флакон Синтез

350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензилпенициллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ПАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде: белсенді зат – бензилпенициллин натрий тұзы – 1000000 ӘБ.
Қолданылуы
Бензилпенициллин натрий тұзы ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, жасөспірімдерде пенициллинге сезімтал патогендерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: сепсис; тері және жаралық инфекциялар; дифтерия (антитоксинге қосымша); пневмония; плеврит; тілме қабыну; бактериялық эндокардит; перитонит; менингит; ми абсцессі; остеомиелит; фузобактериялардан туындаған жыныс жолдарының инфекциясы. Бензилпенициллин натрий тұзы препараты келесі спецификалық инфекцияларды емдеу үшін де қолданылады: сібір ойық жарасы; сіреспе; газды гангрена; листериоз; пастереллез; егеуқұйрық тістегеннен кейінгі қызба; фузоспирохетоз; актиномикоз. Сонымен қатар, Бензилпенициллин натрий тұзы дәрілік препараты соз және мерез кезіндегі асқынуларды емдеу үшін де қолданылады (мысалы, создық эндокардит немесе артрит, туа біткен мерез). Бензилпенициллин жүктілік кезінде мерезді емдеу үшін қолданылмайды. Бензилпенициллин натрий тұзы дәрілік препараты аурудың екінші сатысынан (менингополиневрит) бастап Лайм ауруында, Гарин – Бужаду – Баннварт синдромында (лимфоцитарлы менингополирадикулоневрит), созылмалы акродермитте, Лайм атрофиялық ауруында, Лайм артритінде, Лайм кардитінде, егер пероральді пенициллин емі бұдан былай көрсетілмейтін болса, пайдаланылады. Жүктілік кезінде, әрі қарай құрсақішілік инфекциялардың алдын алу үшін Лайм ауруының екінші кезеңінен бастап және Бензилпенициллин натрий тұзы дәрілік препаратының жоғары дозаларын парентеральді қолдану ұсынылады. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми ұлттық ұсыныстарды қарастыру керек.
Қарсы көрсетілімдер
Бензилпенициллинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдықтың болуы; анамнезінде басқа бета-лактамды агентке (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) аса жоғары сезімталдықтың шұғыл ауыр реакциясының болуы (мысалы, анафилаксия).
Дозасы
Ересектер мен балалар (12 жас және одан үлкен) Әдеттегі доза (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): тәулігіне 30000 ӘБ/кг, бұл тәулігіне шамамен 1000000–1500000 ӘБ баламалы, 4–6 дозаға бөлінген. Ең жоғары тәуліктік доза (вена ішіне): тәулігіне 30000 ӘБ/кг, бұл тәулігіне шамамен 1000000–4000000 ХБ баламалы, 4–6 дозаға бөлінген. Балалар Сәбилер (бір ай және одан үлкен) және 12 жасқа дейінгі балалар Әдеттегі доза (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): тәулігіне 30000–100000 ӘБ/кг, 4–6 дозаға бөлінген. Ең жоғары тәуліктік доза (вена ішіне): тәулігіне 100000–500000 ӘБ/кг, 4–6 дозаға бөлінген. Назар аударыңыз: егер инфузия тым жылдам болса, құрысулар мен электролиттік теңгерімсіздік туындауы мүмкін. Вена ішіне 1,2 г астам дозалар үшін инфузияның 300 мг/мин аспайтын жылдамдығы ұсынылады. Жаңа туған нәрестелер (2–4 апта) Әдететгі доза (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): 30000–100000 ӘБ/кг/тәулік, 3-4 бір реттік дозаларда. Ең жоғары тәуліктік доза (вена ішіне): 200000–500000 ӘБ/кг/тәулік, 3–4 бір реттік дозаларда. Сәбилер (2 аптаға дейін) Әдететгі доза (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): 30000–100000 ӘБ/кг/тәулік, 2 бір реттік дозаларда. Ең жоғары тәуліктік доза (вена ішіне): 200000–500000 ӘБ/кг/тәулік, 2 бір реттік дозаларда. Шала туған және жаңа туған нәрестелерде дозалар арасындағы аралық бензилпенициллин шығарылуының төмендеуіне байланысты кем дегенде 12 сағатты құрауы тиіс. Бензилпенициллин натрий тұзы препаратын креатинин клиренсінің негізінде сәбилерге (1 айдан және одан үлкен) және балаларға (12 жасқа дейінгі) арналған дозалау:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.