БЕНЗИЛБЕНЗОАТ 20% 25 г мазь

285 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бензилбензоат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: АО Алтайвитамины
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г жақпамай құрамында белсенді зат; бензилбензоат - 20,0 г қосымша заттар: термотұрақты триэтаноламин (троламин) - 5,0 г стеарин қышқылы - 20,0 г макрогол 400 – 5,0 г 100 г дейін тазартылған су
Қолданылуы
Бензилбензоат ересектерге қолдануға арналған: - қышыма
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препарат құрамына кіретін кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - жүктілік; - бала емізу кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Сыртқа. Ересектерді емдеу үшін 20 % жақпамай қолданылады. Емдеу курсы 4 күнге созылады. Өңдеуді бірінші күні кешке ұйықтар алдында душта жылы сумен және сабынмен мұқият жуғаннан кейін жасайды. Жақпамайды бет және бастың шашты бөлігін қоспағанда, бүкіл теріге қолмен ысқылап жағады, оны таңертеңге дейін жумайды. Бір қолдануға 30-40 г жақпамаймай жұмсалады. Екінші және үшінші күні олар емдеуде үзіліс жасайды, ал жақпамай қалдықтары теріден жуылмайды. Науқас төртінші күні кешке сабынмен жуынады және жақпамайды бірінші күні істегендей қалған жақпамайды қолданып, ысқылып жағады және іш киімді тағы да ауыстырады. Өңдеуден кейін қолды 3 сағат бойы жууға болмайды, кейіннен әр жуудан кейін жақпамаймен өңделеді. Жақпамайды терінің басқа бөліктерінен жуып тастаған жағдайда оларды қайта өңдеу керек. Емдеудің бесінші күні жақпамайды теріден толығымен жуып тастайды. Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты нұсқаулықта көрсетілген қолдану тәсіліне және дозаларына сәйкес қолданыңыз. Қажет болса, дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдануға арналған Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 4 күнге созылады

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.