БЕНЕВРОН Б 3,0 мл №5 р-р д,/ин Комплекс Вит В

4200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Витамины группы B
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ампула препараттың құрамында белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 250 мг, рибофлавин (рибофлавин натрий фосфаты түрінде) (В2 дәрумені) 4 мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 250 мг, цианокобаламин (В12 дәрумені) 1500 мкг, қосымша заттар: бензил спирті 60 мг, натрий гидрокарбонаты, монотиоглицерол, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
B1, B2, B6 және B12 дәрумендерінің гипо- және авитаминозы шеткері невриттер және полиневриттер, невралгиялар, шеткері парездер және салданулар, радикулиттер, ретробульбарлы невриттер, белдемелі герпес, люмбаго, плекситтер, қабырғааралық невралгиялар, бет жүйкесінің парездері, үш тармақты және бет жүйкесінің невралгиясы, амиотрофиялық бүйірлік склероз, балалардың церебральді салдануы секілді жүйке жүйесінің ауруларын, орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттарын симптоматикалық емдеу; энцефалопатия (диабеттік, алкогольдік, жарақаттан кейінгі) әр түрлі генезді анемия асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан мен он екі елі ішектегі ойықжара ауруы, созылмалы гастрит, энтероколит, гепатит, бауыр циррозы тері аурулары: экзема және шығу тегі неврогенді дерматоздар, дерматиттер және нейродермиттер, псориаз буын аурулары: артрит, остеоартрит, ревматизм, ревматоидты артрит; офтальмологиялық аурулар: гемералопия, конъюнктивит, кератит, иридоциклит, катаракта, мөлдір қабықтың ойықжарасы жоғары дене жүктемесі изониазидтік қатардағы туберкулезге қарсы дәрілердің, антибиотиктердің жағымсыз әсерлерінің профилактикасы және түзету
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық дәрілік препараттың құрамына кіретін қандай да бір дәруменнің гипервитаминозы
Дозасы
Беневрон Б препаратының дозалау режимін және қолдану ұзақтығын дәрігер айқындайды. 10 жастан асқан балаларға және ересектерге препаратты бұлшықет ішіне күніне 1 рет 3 мл-ден (бір ампула) тағайындайды. Инъекцияға арналған ерітінді бұлшықетке терең енгізіледі. Дәрігердің нұсқауы бойынша препаратты әр 2-3 күн сайын бір ампулада қолдануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 10 жастан кіші балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне енгізуге арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.