+105 бонус

БЕЛОДЕРМ 0,05% 30 г мазь Бетаметазон

2110 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: Белупо Лекарства и косметика д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында: белсенді зат: бетаметазон дипропионаты - 0.640 мг (0,500 мг бетаметазонға баламалы); қосымша заттар: вазелин, вазелин майы.
Қолданылуы
Препарат кұрамындағы бетаметазон дипропионат синтетикалық фторланған кортикостероид болып табылады. Ол жергілікті әсер етеді және экзема мен дерматиттің барлық түрлерінде жылдам және тұрақты жауап береді, соның ішінде: атопиялық экзема фотодерматит қызыл жайпақ теміреткі қарапайым теміреткі түйінді қышыма дискоидты қызыл жегі липоидты некробиоз терінің шектелген микседемасы эритродермия Препарат сондай-ақ бас терісінің псориазында және жалпы орналасқан түйіндақ тәрізді псориазды қоспағанда аяқ пен қолдың созылмалы түйіндақ тәрізді псориазы кезінде тиімді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - розацеа - акне - периоральді дерматит - перианальді және генитальді қышыма - туберкулез - терінің көптеген вирустық инфекциялары, сондай-ақ, қарапайым герпес, вакциналды ауру және желшешек - 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен балалар Күніне біреуден екі ретке дейін. Көптеген жағдайларда препараттың жұқа үлбірін зақымданған аймақтарды жауып, күніне екі рет жағу керек. Кейбір пациенттерде адекватты демеуші емге азырақ қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Пациенттердің ерекше топтары 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балаларда препаратты медициналық қадағалаусыз пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеудің ұсынылған ұзақтығы екі аптадан ұзақ болмау тиіс. Балаларда немесе бет аймағында қолданған кезде курстарды 5 күнге дейін шектеу керек. Артық дозалану жағдайында қабылданатын шаралар Симптомдар Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс ұзақ қолдануы гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрекүсті безі функциясының қайтымды болып табылатын екіншілік жеткіліксіздігіне әкеледі. Емі Симптоматикалық емдеу. Егер ГГБЖ осінің бәсеңдеуі байқалса, препаратты тоқтату, қолдану жиілігін азайту немесе белсенділігі аздау стероидпен алмастыру қажет. Әр сықпадағы стероид мөлшері барынша төмен, препарат ауыз қуысына кездейсоқ түсіп кеткенде, оның уытты әсерінің байқалу мүмкіндігі аз немесе уыттық әсері жоқ. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Жиі - қайталанатын инфекциялар - шымылдату, қышыну, тітіркену, құрғақтық, фолликулит, гипертрихоз, безеулі бөртпе, гипопигментация, телеангиэктазия, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, тері атрофиясы, стрия және тершеңдік Сирек - бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі Белгісіз - анық көрмеу Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.