+70 бонус

БЕЛЛС 20 г мазь

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прочие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО Авицена-ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында белсенді заттар: ментол 6,0 г камфора 7,0 г скипидар шайыры (терпентин майы) 2,0 г тимол 1,5 г эвкалипт майы 3,0 г, қосымша заттар: қабықтан алынған даршын майы, ақ балауыз, ақ жұмсақ парафин, бутилдендірілген гидроксианизол, бутилдендірілген гидрокситолуол.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында: - жедел және созылмалы қаңқа-бұлшықет ауыруларын басу үшін (миалгия, фибромиалгия, арқаның ауыруында) - спортсмендерде қыздыратын жақпамай ретінде Тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тері аурулары - жүктілік және бала емізу кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Сыртқа: мұрын, тамақ, кеуде мен арқаның жоғарғы бөлігіне, ортаңғы сызықты бойлай түнге қарай немесе тәулігіне 2 рет жағылады. Толық сіңгенше аздап ысқылап және содан кейін құрғақ жылы матамен жауып қою керек. Емдеу курсы 7 күнге дейін. Ингаляциялық (тек ересектер үшін): ½ шай қасығына 1 л ыстық су құйып, буымен дем алу қажет. Қимыл-қозғалыс аппаратының және жұмсақ тіндердің жарақаттарында препаратты ауыратын жерге осы аймақты кейіннен уқалаумен тәулігіне 5 ретке дейін жағады. Емдеу курсы 2-3 аптаға дейін. Миалгиялар мен артралгияларда – 1-3 г жақпамайды тәулігіне 2-3 рет ауыратын жерге жағады және теріні аздап ысқылайды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және орташа 10 күнді құрайды. Дене жүктемесінің алдында спортсмендерге қыздыратын дәрі ретінде қолданған кезде тиісті бұлшықеттерге жақпамайдың аздаған мөлшерін (шамамен 2-3 г) жағады және тері аздап қызарғанға дейін уқалап жағады. Жаттығудан кейін жақпамайды теріден жылы сумен жуып тастау керек. Балалар 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.