+66 бонус

БЕЛЛС 100 мл сироп Комплекс

1320 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинация отхаркивающих препаратов
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ТОО Авицена-ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді заттар: мыналардың қою экстрактісі: қасиетті райхан жапырақтары, дәндері және тамырлары /Ocimum sanctum/ (5:1) 10,0 мг, сары жемісті алқа дәндері, тамырлары және жемістері /Solanum xanthocarpum/ (5:1) 5,0 мг, ұзын куркума тамырсабақтары /Curcuma longa/ (7:1) 10,0 мг, жалаң мия тамырлары/Glycyrrhiza glabra/ (3:1) 20,0 мг, адатода васика жапырақтары, гүлдің тамырлары мен қабықтары /Adhatoda vasica/ (3:1) 30,0 мг, ұзын бұрыш жемістері /Piper longum/ (3:1) 5,0 мг, дәрілік зімбір тамырсабақтары /Zingiber officinale/ (4:1) 10,0 мг, кәдімгі кардамон жапырақтары /Elettaria cardamomum/ (6:1) 5,0 мг қосымша заттар: қант, 70% сорбитол ерітіндісі, гуар шайыры, ментол, пропиленгликоль, натрий бензоаты, метилпарабен, натрий пропилпарабені, бронопол, карамель, лимон қышқылының моногидраты, аскөк дәмдік қоспасы, таңқурай дәмдік қоспасы, хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 3 жастан асқан балаларда қолданылады. Жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде белгілеріне қарай емдеу: - ЖРВИ -де, тұмауда - фарингитте, ларингитте, трахеитте - бронхитте, пневмонияда - көкжөтелдің алғашқы сатысында Тыныс алу ағзаларының созылмалы ауруларында: - «шылымқорлар» бронхитінде - «лекторлық» ларингитте
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге және 14 жастан үлкен балаларға препаратты тәулігіне 3 рет 1-2 шәй қасықтан (5-10 мл) тағайындалады. 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ - 1 шәй қасықтан (2,5-5 мл). 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ шәй қасықтан (2,5 мл). Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды. Емдеу курсын ұзарту және қайталап жүргізу дәрігердің тағайындауымен болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қолдану үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.