БЕЛИФРИН 25 мг/мл капли глазные 5 мл

3360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенилэфрин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: БАЛКАНФАРМА-РАЗГРАД АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – фенилэфрин гидрохлориді 125.0 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий метабисульфиті, бор қышқылы, хлорсутек қышқылы (0.36%), натрий гидроксиді (0.4% ерітінді), инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Фенилэфрин көзге жергілікті қолданғаннан кейін мидриазға әкелетін тікелей әсер ететін симпатомиметик болып табылады. Тамыр тарылтатын және іркіліске қарсы әсері бар. Препарат диагностикалық және/немесе емдік емшараларда қарашықты кеңейту үшін қолданылады: - увеит кезінде – артқы синехияның жарылуы немесе олардың туындауын болдырмау мақсатында -хирургиялық араласулар кезінде -циклоплегиясыз рефракцияны зерттеу үшін көз түбін тексеру және басқа диагностикалық емшаралар кезінде.
Қарсы көрсетілімдер
фенилэфринге немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдық жүрек аурулары (ауыр жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, тұрақсыз стенокардия, жедел және жеделге жуық миокард инфарктісі және т. б.) артериялық гипертензия тахикардия аневризма (қарыншаның аневризмасы, қолқа аневризмасы, ми тамырларының аневризмасы және т. б.) тиреотоксикоз ұзаққа созылған инсулинге тәуелді қант диабеті моноаминоксидаза тежегіштерін, үшциклді антидепрессанттарды және гипотензиялық дәрілерді қабылдау (бета блокаторларды қоса алғанда) жабық бұрышты глаукома (алдын ала иридэктомия жағдайларын қоспағанда) және мидриатикалық заттарды қолдану кезінде глаукоманың дамуына бейімділігі жоғары тар бұрышты глаукомасы бар пациенттер мөлдір қабықтың эпителий бөгетінің бұзылуымен хирургиялық араласулар 8 жасқа дейінгі балалар көз жарақаттары немесе жақында жасалған көз операциялары көз инфекциялары
Дозасы
Ересектер -Қан тамырларының тарылуы және қарашықтың кеңеюі Ауырған көзге/көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады. Қажет болғанда, дозаны тек бір рет, алғашқы тамызғаннан кейін бір сағаттан соң қайталауға болады. Жергілікті тітіркендіргіш әсерді болдырмау және көз жасы сұйықтығын кейіннен сұйылту үшін Белифрин препаратын қолданар алдында бірнеше минут бұрын жергілікті ауырсынуды басатын дәріні алдын-ала тамызу ұсынылады. Қажет болғанда, Белифрин көздің беткейлік қан тамырларындағы іркілісті, қарашықтың тез және күшті кеңеюін жою үшін қолданылады. -Көздің тамырлы қабықшасының қабынуы және артқы қабысулар Қабысулардың түзілуін болдырмау үшін және олар болған кезде қолданылады. Қабысулардың түзілуін Белифрин, атропин немесе басқа ұқсас препараттармен туындаған қарашықтың қатты кеңеюі кезінде болдырмауға болады. Ауырған көзге күніне 1-2 рет 1 тамшы ерітінді тамызады. Ең жоғары доза күніне 3 тамшыдан аспауы тиіс. Қажет болса, келесі күні емдеуді қайталауға болады. Егер оң нәтиже болса, емге жылы компресстер мен атропинді қосуға болады. -Көзішілік қысымның жоғарылауы (глаукома) Көзішілік қысымы жоғары (ашық бұрышты глаукома) пациенттерде Белифрин препаратын қарашықты тарылтатын препараттармен бір мезгілде қолдануға болады. Ауырған көзге/көздерге 1 тамшы ерітінді тамызады. -Хирургиялық араласулар Препаратты қолдану қарашықтың қысқа мерзімді және күшті кеңеюі қажет болған жағдайда көрсетілген. Операцияға дейін 30-60 минут бұрын ауырған көзге/көздерге 1 тамшыдан тамызады. -Көру жітілігін анықтау Белифрин препараты хоматропин, циклопентолат, тропикамид, атропин сияқты препараттардың қарашықты кеңейтетін әсерін күшейтеді. Ауырған көзге/көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады. -Көз түбін тексеру 1 тамшы ерітіндіні тамызу 15-30 минуттан кейін қарашықтың кеңеюіне ықпал етеді, әсердің ұзақтығы 1-3 сағатты құрайды. -Көзішілік қысымның жоғарылауы (жабық бұрышты глаукома) кезіндегі түрткі болатын тест Осы ауруды диагностикалау үшін қолдануға болады. Ол үшін көзішілік қысымды өлшейді және Белифрин препаратынан туындаған қарашықтың кеңеюіне дейін және одан кейін көздің алдыңғы камерасын тексереді. Көзішілік қысымның алдыңғы камераның тар бұрышымен (АКБ) біріктірілімде едәуір жоғарылауы жабық бұрышты глаукоманың бар екеніне күдіктенуге негіз береді. -Көруді түзету үшін қажетті линзалардың күшін анықтау (ретиноскопия) Дәрілік заттардың көмегімен көздің кірпік бұлшықетін босаңсытпай қарашықты кеңейту қажет болған жағдайларда қолданылады. Жоғарыда сипатталған емшаралардың кез келгенінде көздің айқын пигментациясы бар нұрлы қабығы Белифрин препаратының неғұрлым жоғары дозаларын қолдануды талап етеді. -Көздің шырышты қабығының қабынуын диагностикалау үшін 1-2 тамшы ерітінді қызарған көзге тамызылады. Егер 5 минуттан кейін көз алмасының тамырларының тарылуы байқалса, онда бұл оның терең құрылымдарының қабынуынан гөрі көздің шырышты қабығының беткейлік қабынуына тән. Балалар Қарашықтың талапқа сай кеңеюі үшін Белифрин препаратын осындай, бірақ жылдам әсер ететін препараттармен біріктіруге болады. Егде жастағы адамдар (65 жастан асқан) Пациенттердің осы тобы үшін дозаны өзгерту қажет емес. Әдетте қайта қолдану қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Белифрин көзге тамызатын дәрісін қолданар алдында артериялық қысымды өлшеу керек. Тамшыны астыңғы қабақты тартқан кезде түзілетін (қабақ пен көз алмасы арасындағы) қалтаға тамызады. Препараттың мұрынның шырышты қабығы арқылы сіңуіне жол бермеу және жергілікті әсерді күшейту үшін, әсіресе балалар мен қарт адамдарда, мұрын-көз жасы арнасын саусақпен 2-3 минут басу керек немесе тамызғаннан кейін көзді 3 минутқа жұму керек. Белифрин препаратын қолданар алдында қолыңызды жуыңыз. Кішкентай қалта жасау үшін басыңызды сәл артқа шалқайтып, қабағыңыздың астыңғы жағын төмен қарай тартыңыз. Тамшылатқыштың ұшын төмен қаратып көздің үстінен ұстаңыз. Жоғары қараңыз және пипеткадан алысырақ (бір жаққа) қараңыз, тамшыны қысып шығарыңыз, содан кейін көзді/көздеріңізді 2-3 минутқа жұмыңыз, басынызды шалқайтып, жыпылықтамаңыз немесе көзіңізді сығырайтпаңыз. Сұйықтық көз жасы арнасына ағып кетпес үшін саусағыңызбен көздің ішкі бұрышына 2-3 минут ақырын басыңыз. Дәрігер тағайындаған тамшылардың санын немесе дәрілік препараттың заттаңбасында көрсетілген тамшылардың санын ғана қолданыңыз. Егер 2-ден астам препарат қолданылса, онда тамызулар арасында 5 минуттық үзіліс жасау керек. Ауру көзге/көздерге тамшыны тамызар алдында, ерітіндінің ластануын алдын-алуы үшін тамшылатқыштың ұшын қабақ терісіне, көз айналасының терісіне немесе басқа да беткейлерге тигізбеу қажеттілігін ескеру қажет, себебі ластанған тамшылатқыш сіздің көзіңізге инфекция жұқтыруы мүмкін, бұл көру қабілетінің күрделі проблемаларына әкелуі мүмкін. Егер бір мезгілде көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттар тағайындалса, оларды кемінде 10 минут аралықпен қолдану қажет. Егер бір уақытта көз жақпамайы қолданылса, онда ол соңғы кезекте қолданылады. Егер сұйықтықтың түсі өзгерсе немесе онда бөлшектер болса, көзге тамызатын дәріні қолданбаңыз (жаңа препарат алу үшін фармацевтке қоңырау шалыңыз).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.